Сарыадыр – Ерейментау тауларының солтүстік-шығысындағы аласа тау.

Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өлеңті ауылының солтүстік-батысында 18 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 383 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 кмге созылған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу, бірте-бірте еңістеніп жонды белестерге ұласады. Солтүстігінде Теңіз, Киіксор, батысында Құрбеткөл, оңтүстік-батысында Бөртекөл көлдері бар.

Өсімдігі Сортаңды бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, селеу, қылқан селеу, сұлыбас, түрлі бұталы өсімдіктер өседі. Атырабында жайылымдық жерлер жəне етегінде өзімен аттас қыстау бар.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары