Сарыадыр – Сілеті бөгенінің оңтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Ақмола облысы Ақкөл ауданы Сазды бұлақ ауылының оңтүстігінде 2 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 399 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі көлбеу, пішіні сопақша ирелең болып келеді.
Өсімдігі Сортаң, қара топырақ жамылғысында қызғылт жəне қылқан селеу, сұлыбас, əр түрлі шөптесіндер, солтүстігінде сирек орман тоғайлары өскен. Атырабы – шөбі шүйгін мал жайылымы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ақкөл ауданы таулары