Қоржынкөл – Өлеңті алабындағы көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданының орта бөлігінде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 267 м биіктікте жатыр. Аумағы 6,7 км2 (кейбір жылдары аум. 5,9 км2-ге кемиді), су жиналатын алабы 800 км2, ұзындығы 3,7 км, енді жері 2,6 км, жағалау бойының ұзындығы 10 км. Оңтүстік жағалауы биік, қалған бөлігі көлбеу жазық келген. Көл түбі лайлы, жағалауын қамыс, құрақ басқан. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Көлге жылғалар құяды. Ең ірісі – Қарабұлақ. Суы тұщы, мал суаруға пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы