Роман Алауұлы Қадырқұлов (19 қазан 1974 жылы Түркістан облысы Созақ ауданы, Созақ ауылында туылған) — мұғалім, информатика пәні оқулықтарының авторы, бірнеше республикалық олимпиада жеңімпаздарының жетекшісі.

Өмірбаяны 1997 жылы Ташкент Мемлекеттік Университетінің физика–информатика факультетін бітірген. 1998 жылдан бүгінгі күнге дейін «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясында информатика пәнінен сабақ береді. 2003 жылдан мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары қызметін қоса атқарып келеді.

Оқулықтары 2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген Алматыкітап баспасынан шыққан қазақ және орыс тілдеріндегі «7-сынып. Информатика» оқулығы мен әдістемелік жинағының авторы. Оқулық Қазақстанда тұнғыш қазақ тілінде жазылып, орыс тіліне аударылған информатика оқулығы. 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген Алматыкітап баспасынан шыққан қазақ, өзбек және орыс тілдеріндегі «8-сынып. Информатика» оқулығы, әдістемелік жинағымен электрондық қосымшасының авторы. 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген Алматыкітап баспасынан шыққан орыс және өзбек тілдеріндегі «3-класс. ИКТ» оқулығының, әдістемелігінің, электрондық қосымшасының және жұмыс дәптерінің авторы. 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген Алматыкітап баспасынан шыққан қазақ, орыс тілдеріндегі «9-сынып және 10-сынып жаратылыстану-математика бағытындағы Информатика оқулықтарының, әдістемелік жинағымен электрондық қосымшасының авторы. 2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген Алматыкітап баспасынан шыққан қазақ, орыс тілдеріндегі 5-сынып және 6-сынып «Информатика» оқулығы, әдістемелік жинағы және электрондық қосымшасының авторы. 2021 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген Алматыкітап баспасынан шыққан қазақ, орыс тілдеріндегі 7-сынып және 8-сынып «Информатика» оқулығы, әдістемелік жинағы және электрондық қосымшасының, 3-сынып «Цифрлық сауаттылық» оқулықтарының авторы.

Жетістіктері 2001 жылы Алматы қаласында «Қазақстанды ақпараттандыру. ХХІ –ғасырға қадам» тақырыбында өткен халықаралық форумның, 2008 жылы информатика пәні бойынша Астана қаласында өткен республикалық форумның қатысушысы. 2005 жылы облыстық «Алтын диск» байқауында 1 – орын, 2005 жылы облыстық «Алтын Қор» байқауында бас жүлдені иелендім. «Информатикадан олимпиадаға дайындау – оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту және дүниетанымын кеңейту кепілі» тақырыбындағы баяндамасы «Алтын қор» жинағына енді. 2018 жылы Математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдерінің Республикалық олимпиадасында жүлделі ІІ орын иелендім. 2015-2016 оқу жылында информатика пәні бойынша облыстық олимпиадада 2 оқушысы 9-сыныптар бойынша Зиятбек Айдос пен 11 сынып оқушысы Нығмет Мағжан І орын иеленді. Екі оқушы да Көкшетау қаласында өткен жаратылыстану пәндері бойынша республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, 9-сынып оқушысы Зиятбек Айдос ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар Зиятбек Айдос олимпиадада ауыл мектептерінен шыққан жалғыз жүлдегер ретінде «Ең үздік ауыл оқушысы -2016» номинациясын жеңіп алды.

Марапаттары 2003 жылғы облыс Әкімі стипендиясының иегері; 2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы; 2001, 2004, 2005, 2012 жылдары аудан әкімінің мақтау қағаздары; 2005, 2016, 2017 жылы облыстық білім департаментінің мақтау қағазы; 2005 жылы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде қосқан үлесім үшін «Асар» партиясының төрайымының арнайы алғыс хат; 2010, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019 жылдары аудандық білім бөлімінің мақтау қағазы; 2007 жылы 12 жылдық оқытудың бастауыш сатысын нәтижелі сынақтан өткізгенім үшін Білім жетілдіру институтының мақтау қағазы; 2008 жылы мектепте «12 жылдық мектеп жүйесіндегі оқу іс-әрекетті ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаным үшін ОБЖ жәнеПКҚД орталығының мақтау қағазы; 2007 жылы Созақ ауданның «Ең үздік мұғалімі» атағын иеленген. 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» белгісі; 2012 жылы Облыс әкімінің алғыс хаты; 2013 жыл Созақ ауданының жыл қорытындысы бойынша ауданның «Ең үздік ұстазы» атағын иеленген. 2014 жылы жыл қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының «Үздік ұстазы»; 2015 жылы шәкірт дайындаудағы ерекше еңбегім үшін Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің алғыс хатымен марапатталған. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин төсбелгісімен марапатталған. 2019 жылы республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер https://okulyk.kz/informatika/740/?ysclid=l6lu3rm0j1871225681 https://baq.kz/roman-bedel-sanaytyn-ustaz_195567/?ysclid=l6lu44uy6i20006417 https://ainews.kz/kk/society/roman-qadyrqulov-shakirtinin-ozinen-ozganyn-bedel-sanajtyn-ustaz-nagyz-ustaz--89041?ysclid=l6lu4ky9a3194264151 https://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/auyl-mugalimi-okulyktar-zhazuda https://egemen.kz/article/221758-shakirtteri-birinshi-oryndy-bergen-emes?ysclid=l6lu5irmjf88282967 https://bilimdinews.kz/?p=90000&ysclid=l6lu5rhf9o747662299

Санат:мұғалім информатик шәкірт ұстаз Санат:Созақ ауданында туғандар Санат:Өзбекстан Ұлттық Университеті түлектері