Сарыадыр – Қу тауларының солтүстік сілеміндегі тау

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан. Бала Түндік жəне Түндік өзендері аралығында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 961 м. Ендік бағытта доғаша иіліп, 12 км-ге созылып жатыр, енді жері орта тұсында (8,5 км). Күрделі пішінді тауда бірнеше шоқы бар. Беткейлері тік жартасты, жарқабақты. Етегінде қатар бұлақтар бар. Жазыққа ұласатын солтүстік етегінде қыстаулар орналасқан.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы делювийлі-пролювийлі шөгінділермен жабылған төменгісилур жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қызғылт күрең қиыршықтасты топырағында сұлыбас, жусан, бұта, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары