Машиналарға техникалық күтім жасау (Техннческое обслуживание машин) — машиналарды тұрақты техникалық дайындықта ұстау мақсатында оларды күтуге байланысты белгілі жұмыстар атқару. Қарулы күштерде машиналарға техникалық күтім жасаудын жоспарлы алдын алу жүйесі белгіленген. Ол машиналарды пайдалану барысында да, сақтаулы тұрғанда да міндетті күтім жұмыстарын орындауға негізделген. Машиналарға техникалық қызмет көрсетуге машиналарды жанар-жағармай заттарымен қамтамасыз ету, салкындатқыш, тежегіш және амортизаторлық сұйықтармен жабдыктау, машинаны жинау, тазалау және жуу, агрегаттардың, тетіктер мен машина құралдарының түгелдігін, бекітілуі мен калпын тексеру кіреді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс