thumb|right|200px|Бауыржан Қарабеков Бауыржан Қарабеков (25 қазан, 1956 жыл, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Асықата аулында туған) - ақын.

Өмірбаяны 1978 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген КСРО Радио өнеркәсібі министрлігінде жұмыс істеген. 1978—1982 жылдары Қазақ политехникалық институтында инженер, кейіннен оқытушы болған. Мәскеу энергетика институтының аспирантурасын бітірген. 1991 — 1994 жылдары «Мақсат» мейірімділік қорында қызмет істейді. 1991 — 2000 жылдары ««Butya» компаниясы құрылымдарында қызмет істейді. «Үміт» зейнетақы қорында жауапты қызметтер атқарған. «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры болған.

Шығармалары Өлеңдері 1990 жылдан бері газет-журналдарда жарияланып келеді. 2001 жылы «Үш қиян» баспасынан «Қызылдың ауыл қүмында» «Қүмдағы жазулар» (2007) атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Топтама өлеңдері бірнеше жыр жинақтарына енген. Жкетістіктері М.Жұмабаевтың, С.Мұқановтың 100 жылдық, Қ.Аманжоловтың 90 жылдық мерейтойларына арналған мүшәйралардың жүлдегері. «Қазақ әдебиеті» газеті жариялаған «Бір өлеңнен білінер» жабық жыр бәйгесінің Бас жүлдегері.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:25 қазанда туғандар Санат:1956 жылы туғандар Санат:Мақтаарал ауданында туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Мәскеу энергетика институты түлектері