Әуеден барлау құралдары () — әуе барлауын жүргізуде қолданылатын, әр түрлі жабдықтармен, қондырғылармен жарақталған ұшкышты және ұшқышсыз ұшу аппараттары. Әуеден барлау құралдары ретінде ұшақтар, тікұшақтар, жасанды Жер серігі, қанатгы ракеталар және басқа арнайы аппаратуралармен жабдықталған ұшуаппараттары қолданылуы мүмкін. Әуеден барлау құралдары,барлау мәліметтерін жеткізу уақытына қарай алынған хабарламаны үздіксіз жеткізушілер (теле, фототеле аппаратурасы) және ұшуаппараты базаға оралған сон хабарлама алуға мүмкіндік беретін құралдар (фотоаппарат, радиотехникалық және радиолокациялық қондырғылар, инфрақызыл сәуле арқылы барлау) болып бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс