Қарқаралы уезі – Ресей империясы Семей облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік.
Уез орталығы — Қарқаралы қаласы.
Тарихы Уез 1868 жылы 21 қазанда Қарқаралы сыртқы округінен құрылды. Қарқаралы сыртқы округі 1824 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторлығының Омбы облысы құрамында құрылды. Қарқаралы уезі 1928 жылы 17 қаңтарда таратылды (1928 жылы 3 қыркүйекте Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетімен бекітілді), ал болыстардан Қарқаралы ауданы мен Сырдария округінің бір бөлігі, Абыралы және Дегелең болыстарынан Абыралы ауданы, Ақсары (бөлігі), Берікқара (бөлігі) — Ақсары ауданын құрды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі thumb|1893 жылғы Семей облысы болыстарының картасы thumb|1905 жылғы Қарқаралы уездегі қазақ руларының картограммасы thumb|1905 жылғы Қарқаралы уездегі қазақ руларының картограммасы 1900 жылы 22 болыстан тұрды: Абыралы, Ақбота, Ақсары, Ақшатау, Балқаш, Берікқара, Бөрілі, Дағандел, Дегелең, Қотанбұлақ, Кент, Қу, Қызылтау, Мойынты, Нұра, Сарытау, Сарыбұлақ, Темірші, Тоқырауын, Шұбартау, Шу, ЕдірейШет өңірінің тарихы, Ж. О. Артықбаев, М. С. Жакин, Қарағанды, 1998.
Қарқаралы уезі келесі станицалар мен болыстардан тұрды: Қарқаралы Қызылтау, (Қояншытағай болысы) Кент, Абыралы, Ақбота, Сарытау, Нұра, (Әлтеке-Сарым болысы) Тоқырауын, (Әлтеке-Сарым болысы) Бөрілі, Едірей, Ақсары, Темірші, Дегелең, Қу, Қотанбұлақ, Батыс Балқаш, Мойынты (Кәрсөн, Керней-Кәрсөн) Шұбартау.ШУАҚ тарихи-өлкетану сайты
1926 жылдың 1 қаңтарындағы болыстар: Абыралы болысы Ақсары (орталығы — Карбышевское а.) Бауыр (орталығы — Бөрілі мекені) Берікқара Дегандан Дегелең Қотан-Балқаш (орталығы — Қотанбұлақ мекені) Кедей (орталығы — Тоқырау мекені) Кент Қызылтау Меңдеш (орталығы — Қу мекені) Темірші Шет (орталығы — Мойынты мекені) Шұбартау Едірей Балқаш
Уез басшылары
Уез басшылары Т.Ф. Нифантьев 1869-1872 Сахновский Михаил Якавлевич 1872-1877 Василий Филиппов 1877-1880 Замятин Евгений Викторович 1881-1884 Вараскин Дмитрий Аедреевич 1884-1894 Киниц Алфред Гвидович 1894-1902 Оссовский Борис Александрович 1902-1906 Каменьщиков Георгий Иванович 1906-1908 Петухов Вячеслав Михайлович 1908-1909 В.В. Волженский 1909-1910 Макаревич Леонид Андреевич 1910-1917
Уездік партия комитетінің жетекшілері Мей Валентин Владиславович 1920 Малашкин Иван Григорьевич 1920-1921 Рязанцев Александр Григорьевич 1921 Зубов Алексей Ильич 1921-1922 Галоко Кузьма Корнилович 1922 Мусин (өзге дерек жоқ) 1922 Айбасов Бірмұхамед? 1923-1925 Бектұрғанов Шаймерден Бейсенбайұлы 1925-1926 Сұлтанғалиев (өзге дерек жоқ)Қарқаралы журналы, №2(40) 2014 жыл. р/с Тегі, аты - Қарқаралы, Қазылық, Жатушы едің жазылып16 тамыз 2014 жыл — Газет 930 жылғы қарашаның жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет
Сілтеме
Қарқаралы және Көкпекті сыртқы округтарының саяси және әкімшілік басқару жүйесіндегі аға сұлтандардың рөлі (1824-1868 жж.) Қарқаралы Михеева Л.В. Қарқаралы округінің құрылу тарихы туралы
Дереккөздер
Санат:Уезд