Камал Қармысов (24 сәуір 1912, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас - 21 мамыр 1991, Алматы) — кино және театр актері, Қазақстан халық артисі (1957).
Өмірбаяны Камал Қармысов 1912 жылдың 24 сәуірінде қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас ауылында дүниеге келген.
1927 жылы Қармысов Алматы сауда қызметкерлері клубының драмалық үйірмесіне белсене араласты.
1929 жылы Ташкенттегі Орта Азия университеттінде оқуын бітірді.
1930 жылы Риддер жұмысшы-жастар театрын ұйымдастыруға қатысты.
1931 жылы Камал Қазақ ақадемия-драмалық театрының құрамына қабылданады.
1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
Ойнаған рольдер Қармысов - кейіпкердің кескін-келбетін, қимыл-қозғалысын дәл тауып, оның ішкі жан дүниесімен шебер шендестіре білген актер. Әсіресе, өткір мінезді, сатиралық рольдердің шебері болған. Ол Керім (М. Әуезов пен Л. Соболевтің "Абайында"), Қозы, Жантық (Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сүлуында"), Төлеген Тоқтаров (Әуезов пен Ә. Әбішевтің "Намыс гвардиясында"), Гасфорт (Мұқановтың "Шоқан Уәлихановында"), Қаражан (О. Бөкейдің "Құлыным, меніңінде"), т.б. бар. Қармысов орыс және шетел классик, шығармаларында көп ойнады. Атап айтсақ, Барон (М. Горьқийдің "Шыңырау түбіндесінде"), Хлестақов (Н.В. Гогольдің "Ревизорында"), Гарпагон (Ж. Мольердің "Сараңында"), Яго (У.Шекспирдің"Отеллосында"),т.б. бар.
1945 жылдан бастап киноға түскен, олардың арасындағы ең белгілі рөлдері: Оспан ("Абай әні", 1945), Жантақ ("Махаббат дастаны", 1954), Әлімхан ("Дала қызы", 1954), т.б.
Фильмографиясы Атауы Жанры Түскен жылы РөліТүнгі сарын Спектакль 1935 НұрқанРевизор Спектакль 1936 ХлестаковЖаздық махаббат Спектакль 1937 Федор ШвандяОтелло Спектакль 1939 ЯгоАқан сері-Ақтоты Спектакль 1942 СердалыНамыс гвардиясы Спектакль 1942 Төлеген ТоқтаровАсауға тұсау Спектакль 1943 ТраниоАбай әндері Фильм 1945 ОспанШыңырау түбінде Спектакль 1946 БаронСараң Спектакль 1952 ГарпагонМахаббат дастаны Фильм 1954 ЖантақДала қызы Фильм 1954 ӘмірханІштарлық Спектакль 1955 КеліманБіздің сүйікті дәрігер Фильм 1957 СиқыршыМайра Спектакль 1957 ДүрбітАйман-Шолпан Спектакль 1960 ЖарасСәуле Спектакль 1961 СірдақТұлпардың ізі Фильм 1964
Марапаттары Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1980). 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені. "Халықтар достығы" медалі. "Құрмет белгісі" ордені.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер