“Каспиймұнаймаш” – Ақтау қаласындағы машина жасау кәсіпорны.

Тарихы “Каскор” акционерлік компаниясының бұрынғы Жөндеу-механикалық зауыты негізінде 1997 жылы 15 шілдеде жабық акционерлік қоғам нысанында құрылды.

Өнеркәсібі Қазіргі кезде кәсіпорын мұнай мен газ өндірісі саласының кәсіпорындарына, энергиялық кәсіпорындарға және облыстың хим. кешеніне жабдықтар шығаруға мамандандырылды. Кәсіпорында оқпандарды бұрғылау және мұнай айдау кезінде пайдаланылатын бұрғылау сорабын, тербелме-станоктарға арналған Ц2НШ редукторларын күрделі жөндеуден өткізуді игерді. Кәсіпорынның жылына 100-ден астам сорап шығаруға мүмкіндігі бар. Сонымен бірге кәсіпорын бұрғылауға, мұнай жабдықтарын күрделі жөндеуден өткізуге арналған босалқы бөлшектер мен аспаптарды, соның ішінде мұнайды жинап, сақтауға арналған ыдыстарды кең ауқымда өндіреді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Дереккөздер

Санат:Ақтау кәсіпорындары Санат:1997 жылы құрылған компаниялар Санат:Қазақстан машина жасау кәсіпорындары