Кассин мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Есік өзенінің бастауында. Есік пен Түрген өзендерінің суайрығы. Мұздық 4380 м биіктікте басталып, 3400 м биіктікке дейін созылып жатыр. Мұздыққа Қазақстанның белгілі геологы Н.Г. Кассиннің есімі берілген.

Аумағы Ұзындығы 43 км, оның ашық жатқан жері 4 км, жалпы аумағы 6,6 км2, фрин (мұзқар) алаңы 4,1 км2. Орташа қалыңдығы 65 м. Мұздық жылына 5–10 м-ге қысқарып келеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы мұздықтары Санат:Іле Алатауы