Ысмайыл Әбдірасулұлы Юсупов (12 мамыр 1914 жыл, Талғар – 17 мамыр 2005 жыл, Алматы) — саяси қайраткер.

Білімі Талғар ауыл шаруашылық техникумын (1934) Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) жоғары агрономдық курсын (1937) КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1954) бітірген.

Еңбек жолы 1934 – 39 ж. Түркістан қаласындағы МТС-та агроном, бас агроном, МТС директоры 1939 – 40 ж. Оңтүстік Қазақстан жер мекемесі бастығының орынбасары болды. 1940 – 41 ж. Минск қаласындағы қысқа мерзімді әскери-саяси училищені бітіріп, 1941 – 42 ж. әскери бөлімде саяси жетекші болып істеді. 1943 – 44 ж. Түркістан облысының Ильич ауданының партия комитетінің 1-хатшысы 1944 – 45 ж. Түркістан облысының партия комитетінің 3-хатшысы 1945 – 51 ж. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Су шарауашылық халық комиссары, министрі 1954 – 55 ж. Қостанай облысының партия комитетінің 2-хатшысы 1955 – 59 ж. Түркістан облысының партия комитетінің 1-хатшысы 1959 – 62 ж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Оңтүстік Қазақстан өлкелік комитетінің 1-хатшысы (1962) қызметтерін атқарды. 1962 ж. желтоқсан – 1964 ж. желтоқсан аралығында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысы 1965 – 66 ж. Орал облысының атқару комитетінің төрағасы 1966 – 71 ж. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Тамақ өнеркәсібі министрлігінің арнайы жүзім трестінің директоры болды. 1971 ж. зейнеткерлік демалысына шықты.

Ел есінде қалған қызметі Юсупов Түркістан облысында қызмет еткен жылдары облыстағы су каналдарының құрылысына басшылық етті. Қызылорда бөгені, Георгиев каналының сол жақ сілемі, Ынталы су қоймасы салынды. Юсупов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кезінде 1963 ж. жалпы көлемі 3,5 миллион га жер Өзбекстанға берілді. Кейіннен бұл жерлердің көпшілігі Қазақстанға қайтарылғанымен қалған бөлігі біржолата Өзбекстан аумағында қалды.

Марапаттары 2 Ленин Қызыл Ту 1-дәрежелі Отан соғысы 2 Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы, 10 - томПервые лица государства: политические портреты (с точки зрения истории и современности), А., 1998Ғали Ә., Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның бірінші басшылары, Аст., 2001.

Дереккөздер:

Санат:Қазақ КСР су шаруашылығы министрлері Санат:Қазақстан Компартиясы ОК хатшылары Санат:Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшылары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Еңбекте үздік шыққаны үшін медалінің иегерлері Санат:Қазақстан ұйғырлары Санат:Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Орал облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Ленинград майданы тұлғалары Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:КОКП ОК мүшелігіне кандидаттар Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан КП Оңтүстік Қазақстан өлкелік комитетінің бірінші хатшылары Санат:КОКП Орталық тексеру комиссиясы мүшелері Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Қазақстан КП Қостанай облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Талғар ауыл шаруашылығы техникумы түлектері Санат:Қазақстан КП Ильич аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары