Явленка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, аудан және Явлен ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы – Петропавл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 78 км, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 6106 адам (3016 ер адам және 3090 әйел адам) болса, 2009 жылы 5630 адамды (2674 ер адам және 2956 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1875 жылы қаланған. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты бұрынғы кәсіпорындар жекешелендіріліп, “Автотранс” АҚ-на және бірнеше ЖШС-ке біріктірілді. Явленка арқылы Петропавл–Сергеевка автомобиль жолы өтеді. Ауыл жанынан қола дәуірі, ертедегі темір ғасырының қорғандары табылған.
Дереккөздер
Санат:Есіл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) елді мекендері