Құндызды – Қарағанды облысы Осакаров ауданы Чапаево ауылынан шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан шоқы. Солтүстігінде тау Ұрышат шатқалымен ұштасады. Ұзындығы мен ені 4 км-ге жуық. Абсолюттік биіктігі 600 м.
Геологиясы мен жер бедері Протерозой жыныстарынан түзілген. Беткейлері жайпақ, жыралармен тілімделген. Оңтүстігінен Бала Құндызды өзені бастау алады.
Өсімдігі Қызыл қоңыр топырағында бетеге, селеу, көде өседі. Астық тұқымдас шөптесін шалғын кезедеседі. Жайпақ беткейлері жыртылған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Осакаров ауданы таулары