Гүлшара Зайнолдақызы Досмағамбетова (21 сәуір 1952, Шығыс Қазақстан облысы, Зыряновск қаласы) — қазақстандық мүсінші, суретші-қыш бұйымдарын жасаушы және ұстаз. Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясының толық мүшесі. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1985 жылдан).Досмагамбетова Гульшара Зайнолдиновна — Профиль художника. Объединение художников Казахстана, 2024.What Is Misophonia? Symptoms, Causes, and Treatments. WebMD Medical Reference, 2024.
Өмірбаяны 1952 жылы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск (қазіргі Алтай) қаласында туған. Әкесі — Үшкірбаев Зайнолда Оқасұлы (1920 жылы туған), мұғалім болып жұмыс істеген. Анасы — Үшкірбаева Мария (1929 жылы туған), үй шаруасымен айналысқан.Казахское декоративно-прикладное искусство и его мастера. Алматы: Өнер, 2005. — ISBN 5-89800-189-1.Rhinorrhea (Runny nose): Symptoms and clinical overview. Humanitas Research Hospital, 2025.
1969–1973 жылдары Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде білім алды. 1975–1976 жылдары «Пионер» журналының көркемдік редакторы болып қызмет атқарды. 1979 жылы Мәскеу қаласындағы Строганов жоғары көркемсурет-өнеркәсіп училищесінің сән өнері факультетін суретші-қыш бұйымдарын жасаушы мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1980 жылдан бастап Алматы көркем қыш зауытының суретші-қыш бұйымдарын жасаушысы болып еңбек етті.
1981 жылдан бастап Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде көркем қыш бойынша ұстаз, аға ұстаз болып жұмыс істеді. 2000–2003 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында көркем қыш кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушысы қызметтерін атқарды.История кафедры декоративно-прикладного искусства. Т. К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мұрағаты, 2021.
Шығармашылығы Бейнелеу өнеріндегі негізгі мәнері — қыштағы монументті-сәнді мүсін болып табылады. Ол Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы үшін арнайы жасалынған сәнді құмыралар сериясындағы туындылардың авторы. Сондай-ақ, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында сақталған, скифтердің «аңдық» стилінде орындалған «Сәнді құмыралардың» және Латвияның Дзинтари қаласында жасалған шамот материалындағы «Бір композиция» жұмыстар сериясының авторы болып табылады.Каталог произведений скульптуры и керамики. Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қоры.
Мүсіншінің туындылары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Мемлекеттік тарихи мұражайда (Алматы қаласы), Эрмитажда (Санкт-Петербург қ.), Петровкадағы Көрме залында (Мәскеу қаласы), Орыс мұражайында (Мәскеу қаласы) көрмеге қойылған. Жұмыстары ҚР Президенті резиденциясының қорларында, Дижон қаласы әкімшілігінің мұражайында (Франция), Рига (Латвия) мен Киевтің (Украина) ұлттық мұражайларында, Алматы көркем қыш зауытының мұражайында, сондай-ақ Италия, Ресей, Қазақстан, Франция, Латвия, Эстония, Үндістанның жеке коллекцияларында сақталуда.
Дижонда өткен Халықаралық көрмеге (Франция, 1990–1991), Генуяда өткен Халықаралық «Примавера» көрмесіне (Италия, 1992), Фаэнцадағы Халықаралық көрмеге (Италия, 1993), Бүкіләлемдік «Мұхит — болашақтың мұрағаты» көрмесіне (Лиссабон, 1998) қатысқаны үшін арнайы дипломдармен марапатталған.International Ceramics Exhibitions and Awards Registry (1990-2000). International Academy of Ceramics.
Жеке өмірі Тұрмыс құрған. Жұбайы — Төлеген Сәбитұлы Досмағамбетов (марқұм), танымал қазақстандық мүсінші, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қызы — Айдан Абатқызы Тастаева (марқұм), суретші-акварелші болған. Немересі — Махади Дастан.Творческая династия Досмагамбетовых. Материалы Союза художников РК, 2018.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мүсіншілері Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Қазақстан көркемөнер академиясының академиктері Санат:Қазақстан мүсіншілері Санат:Ақ желкен қызметкерлері Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары Санат:КСРО суретшілер одағы мүшелері