Шәріпбек Шардарбекұлы Шардарбеков (1941 жылы туған) - құрылыс инженері.

Өмірбаяны Қазақ политехникалық институтын бітірген (1966). Еңбек жолын «Келес» кеңшарында аға бақташы болудан бастаған. 1967-1978 жыладры құрылыс шебері, аға прораб, «Қазколхозарқұрылыс» ауданаралык ұйымының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, трестің бас инженері, басқарушысы. 1978 жылы «Қазколхозарқұрылыс» республикалык бірлестігінің төрағасы. 1985 жылы ҚазКСР тұрғын-үй коммуналдық шаруашылык министрі болып тағайындалды. 1988 жылы желтоқсанда халық депутаттары Жезқазған облысы Кеңес атқару комитетінің төрағасы. 1990 жылы желтоқсанда облыстық Кеңес төрағасы. 1993 жылғы ақпанда «Құрылыс материалдары» республикалық мемлекеттік-акционерлік өндірістік концеріннің президенті болып сайланды.

Қоғамдық жұмысы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1986, 1990).

Марапаттары Еңбек Қызыл Ту орденімен (1982) марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақ КСР тұрғын-үй коммуналдық шаруашылык министрлері Санат:Қазақ КСР министрлері Санат:Жезқазған облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары