нобай|оңға|Төрегелді Шармановпен қоштасу рәсімі, 26 мамыр 2024

Төрегелді Шарманұлы Шарманов (19 қазан 1930 жыл, Ұлытау ауданы, Қарағанды облысы — 25 мамыр 2024 жыл) — қазақстандық гигиенист-нутрициолог ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ тағамтану академиясының президенті. Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы және Жезқазғанның Құрметті азаматы.

Өмірбаяны Төрегелді Шарманұлы 1930 жылғы 19 қазанда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында туған. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы көрсеткішпен аяқтап шықты. 1955–1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның асперантурасын жақсы нәтижемен бітірген. 2024 жылы 25 мамырда қайтыс болды.

Еңбек жолы 1958–1962 жылдары — Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орталық аурухананың бас дәрігері. 1962–1968 жылдары — Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі. 1968–1971 жылдары — Ақтөбе медицина институтының ректоры. 1971–1982 жылдары — Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрі. 1973–1984 және 1988 жылдан — КСРО Медицина ҒА-ның Тағам институты Қазақ бөлімшесінің директоры (қазіргі Қазақ тағамтану академиясының президенті). 1985–1988 жылдары — Бүкілодақтық «Тағамтану сұрақтары» атты журналының бас редакторы және Мәскеу қаласындағы Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтының тағамтану кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1995 жылдың мамыр айынан — Қазақстанның Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті. 1997 жылдан бастап «Здоровье и болезнь» журналының бас редакторы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (8-10 мәрте сайланған).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады; мешел ауруының даму механизімін ашты. Оның басшылығымен емшектегі балаларға арналған «Бөбек», «Аруана», «Антихолестерин» тағам қоспаларын шығарды. Оның бастамасымен 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ-тің Халықаралық Алматы конференциясы өтіп, онда медицина санатының алғашқы жәрдемнің ұлттық жүйесін ұйымдастырудың ұстанымдары алғаш рет тұжырымдалған Алматы декларациясы қабылданды.

Марапаттары 1969 жылы "Қажырлы еңбегі үшін" медалі; 1970 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалі; 1976 жылы КСРО-ның «Октябрь революциясы» ордені; 1980 жылы КСРО-ның «Халықтар достастығы» ордені; 1996 жылы ҚР-ның «Парасат ордені»; 2010 жылы ҚР-ның жоғарғы І дәрежедегі «Достық ордені» 2016 жылы ҚР-ның жоғарғы ІІІ дәрежедегі «Барыс ордені» Бірнеше мемлекеттік және мерейтойлық медалдармен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы; Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері; Тәуелсіз «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты; «Жыл адамы» сыйлығының иегері; Алматы қаласының Құрметті азаматы (құрметті атағы); Жезқазған қаласының Құрметті азаматы (құрметті атағы); «Қазақстан Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі; «Денсаулық сақтау ісінің Үздігі» төсбелгісі; Дүние жүзінің денсаулық сақтау ассамблясының «Леона Бернард» атындағы дүниежүзілік сыйлығын алды. (2005 жылы); (Бұл сыйлықпен әлем бойынша 42 адам ғана марапатталған); 2022 жылы «Қазақстанның Еңбек Ері» төсбелгісі»Президент Токаев наградил ряд казахстанцев (18 наурыз 2022) Tengrinews.kz

Ғылыми атақтары 1967 жылы «Медицина ғылымдарының докторы» ғылыми атағы; 1968 жылы профессор; 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі; Ресей Медицина Ғылым Академиясының академигі.

Дереккөздер

Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан жоғарғы оқу орындарының профессорлары Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Ресей медицина ғылым академиясының академиктері Санат:Жезқазғанның құрметті азаматтары Санат:Алматының құрметті азаматтары Санат:Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы түлектері Санат:Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректорлары Санат:Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері Санат:1 дәрежелі Достық орденінің иегерлері Санат:2 дәрежелі Достық орденінің иегерлері Санат:3 дәрежелі Барыс орденінің иегерлері Санат:Қазақстан бас редакторлары Санат:Қазақстанның Еңбек Ерлері