Барибал, қара аю () – аюлар тұқымдасына жататын сүтқоректі, кейде бөлек Euarctos туысына жатқызады.

Дене ұзындығы орташа 1,75 м биіктігі 1 м; салмағы 150 кг. Түсі әдетте қара, кейде сұр түсті тұмсық ұшы ақшыл-сары. Солтүстік Америкада мекендейді. Көпшілігінде өсімдікпен қоректенеді кейде жабайы тұйяқтыларға және үй жануарларына шабуыл жасайды. Қыста аю апанында ұйқыға кетеді. Қантар-ақпанда (әдетте 2-3) ұрпағы пайда болады. Спорттық аңшылық нысаны. Кей жерлерде жойылған, ал АҚШ хал. парктерінде және қорықтарында көп.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3 thumb|left

Дереккөздер

Санат:Аюлар