Жаңақала кәсіптік мектебі (N 8) - Жаңақала ауданындағы бастауыш кәсіптік білім беретін оқу орны. 1963 ж. 29 қаңтарда Новая Казанка аулында 8-Казталов ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі ретінде ашылды (алғашқы директоры — E. Лeпесов). 1964-68 ж. училищеде Мордва, Чувашия, Удмуртия, Коми, Молдавия, Башқортстан, Татарстан, РКФСР, Украина, Белоруссия республикаларынан келген балалар оқыды. 1980 ж. оқу орны ауданы орталығы Жаңақала а-на көшірілді. 1981 ж. 1 қазанда ол кәсіптік-техникалық уч-ще ретінде қайта құрылды. 1984 ж. уч-щенің 480 орындық оқу-өндірістік кешені пайдалануға берілді. 2000 ж. тамыз айынан «Жаңақала кәсіптік мектебі» деп аталады. Мұнда кең профилді механизаторлар, арендатор-фермерлер, бухг-лер, жүргізушілер, сондай-ақ тігіншілер мен аспаздар даярланады. Сонымен қатар коммерциялық негізде оқушылар «В», «С» категориялы жүргізушілікті меңгеріп шығады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Мектептер