thumb|250px Өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы (ӨЖАҚ) — өздігінен жүретін базадағы артиллериялық зеңбірек. Ол ұрыста танкілер мен жаяу әскерді тікелей қолдауға, жылжымалы құрамалардың артиллериялық қолдау тапсырмаларын орындауға және қарсылас танкілерімен күресуге арналған.

Өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында пайда болып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерекше кең қолданылды. Ол ең әуелі танкілермен күресу үшін тиімді құрал ретінде пайдаланылды, өйткені онда танк зеңбірегіне қарағанда ірі калибрлі зеңбірек болды. Салмағы бойынша жеңіл (20 тоннаға дейін), орта (40 тоннаға дейін), ауыр (40 тоннадан астам), зеңбірек түрі бойынша — зеңбіректерге, келте зеңбіректерге, гаубица-зеңбіректерге, орны бойынша — ұрыс бөлімшелерінің алдыңғы, орта және артқы санында орналасуымен, сауытты қорғанышы бойынша — толық сауытталған (жабық типті) және жартылай сауытталған (жартылай жабық немесе ашық типті) болып бөлінеді.

Өздігінен жүретін артиллериялық қондырғының Екінші дүниежүзілік соғыста ең көп қолданылатын үлгілері Су-7бМ, Су-85, СУ-100, ЖУ-122, ИСУ-152 болған. Олардың снаряд салмағы 6,2-46 кг, снарядтың бастапқы жылдамдығы 600–1000 м/сек., атыс қашықтығы 8,6-15,8 км, ұрыстық ату жылдамдығы минутына 2-10, қондырғы салмағы 10,5-46 т, экипажы 4-6 адам. Соғыстан кейінгі уақытта жер үсті артиллериясының негізі өздігінен жүретін зеңбіректер болады.

Дереккөздер

Санат:Өздігінен жүретін артиллерия