Кедергілер жолағы (Полоса препятствий) — әскери қызметшілерге ұрыс даласында өте жиі кездесетін кедергілер мен бөгеттерден өту тәсілдері мен әдістерін үйретуге арналған жергілікті жердегі арнайы жабдықталған алаңша. Ол бөлімшенің, бөлімнің оқу-жаттығу материалдық-техникалық базасының объектісі болып табылады. Кедергілер жолағында жаттығу өткізу әскери кызметшілердін шыдамдылық, ептілік, батылдық, тапқырлық, бағдарлану шеберлігі және басқа да маңызды касиеттерін арттыруға мүмкіндік береді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс