Электрондық-сәулелік беру құралы () — ішінде электрондық сәуле жіңішке шоғырға айналып фокусталатын, модуляцияланатын және басқарылатын, соның көмегімен жарықтық бейнені бейнесигналға өзгертетін электровакуумдық құрал. Негізгі элементтері: электрондық зеңбірек, фотокатод (нысана). Оның жұмыс істеу әрекеті фотоэффект құбылысына негізделген. Бейнесигнал жасау принңиптеріне қарай лездік әрекетті (мысалы, диссектор), электронды шоғырландырушы (мысалы, ортикон, видикон және т.б.) деп бөлінеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника