Электрондық-сәулелік құралдар () — қарқындылығы басқарылатын және фокусталатын электрондық сәулемен жұмыс істеуге негізделген электровакуумдық құрал. Электрондық сәуленің қарқындылығын басқару құрал құрамындағы электрондық прожектор арқылы жүзеге асырылады. Электрондық сәуленің құрал нысанасына әрекет етуі арқылы электр немесе жарық сигналдарын түрлі өзгөрістерге ұшыратуға болады. Мысалы, теледидарлық электрондық-сәулелік беру құралдарында нысана бетінде объектінің жарықтылығына сәйкес потенциалдық бедер жасалынады. Кинескоптар да электрондық-сәулелік құралдар қатарына жатады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника