Шерәлі Біләлов (10 наурыз 1944 жылы, Түркістан облысы, Қызылқұм ауданы, Қаракөл ауылында туған) – физика-математика ғылымының кандидаты (1991 жылы), филология ғылымының докторы (1998 жылы). Қазақ Мемлекеттік Университетінің (1969 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) механика-математика факультетін және аспирантурасын (1988 жылы) бітірген. 1969–74 жылдары Қазақ КСР-і Орталық статистика басқармасының есептеу орталықнда инженер, 1974–90 жылдары КСРО Мемлекеттік банкі Қазақ КСР-і конторының есептеу орталықнда бөлім меңгерушісі. 1990 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Математика институтында аға ғылыми қызметкер. «Ұлттық ғылым тілі негіздерін қалыптастыру» деген тақырыпта докторы диссертация қорғады. 14 ғылыми еңбегі жарық көрді.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 томҚазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Шығармалары

1. "Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті мәселелері (математика саласы негізінде)", Алматы, 1996;

2. “Ұлттық ғылым тілі негіздерін қалыптастыру“, Біләлов Ш. - Алматы : Б.ж., 1997.;

Дереккөздер</span>

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақ тілі