Евгений Михайлович Якушев (16.6.1935 ж.т., Ресей, Волгоград облысы, Новоаннинский ауданы, Галушкино с.) – физика-математика ғылымдарының докторы (1981).

ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Бүкілодақтық геофизикалық барлау институтының Қазақ бөлімшесінде аға техник (1960–63), Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтында инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер (1963–87); 1987 жылдан институт директорының орынбасары әрі лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Оның негізгі ғылыми еңбектері физика электроника мен масспектрометрлік приборларды жасауға арналған. 14 өнертабыстың авторы. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:16 маусымда туғандар Санат:1935 жылы туғандар Санат:Новоаннинский ауданында туғандар Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Ядролық физика институты қызметкерлері Санат:Қазақстан физиктері Санат:Қазақстан өнертапқыштары Санат:Бүкілодақтық геофизикалық барлау институты қызметкерлері