Диқан ауылдық округі – Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Аймантөбе, Диқан, Жеңіс ауылдары кіреді. Орталығы – Диқан ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Аймантөбе ауылы 844 1250 148,1 419 633 151,1 425 617 145,2 Диқан ауылы 1437 1441 100,3 709 730 103 728 711 97,7 Жеңіс ауылы 560 354 63,2 275 162 58,9 285 192 67,4 Жалпы саны 2841 3045 107,2 1403 1525 108,7 1438 1520 105,7

Табиғаты Ауыл төңірегінде "Қозықырған", "Елшітөбе" деген төбелер бар. Ол атаулардың шығу тарихы туралы ауылдың көнекөз қарияларынң айтуынша, бір кездері осы маңда дүбірлі бір жиын өтіп, осында келген көпшіліктің тамағын тек жас қозы етінен дайындаған екен. Содан халық ол жерді "Қозықырған" атап кеткен.

Елшітөбе атауы - жаугершілік заманда ауыл маңындағы осы бір биік төбеге қарауылдар тұрған және сырттан келген адамдарға ауылдың игі жақсылары осы төбе үстінде кездесіп, кеңесіп отырған. Содан халық осылай атап кеткен.

"Елшітөбенің" батыс жағында Шыныбек бастауы деген қара бастау жатыр. Бастаудың таза, салқын суы жер астынан буырқанып шығып жатады. Бұл бұлақтың осылай аталуы адам есімімен байланысты болса керек.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Байзақ ауданы ауылдық округтері