Сазды — Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты болған ауыл, бұрынғы Сазды ауылдық округі орталығы. 2018 жылы таратылып, Ақтөбе қаласының Астана ауданындағы шағын ауданға айналды.Ақтөбе қаласында екі ауданды құру және қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Географиялық орны Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 15 км жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1674 адам (826 ер адам және 848 әйел адам) болса, 2009 жылы 2437 адамды (1210 ер адам және 1227 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Ауыл 1976-1996 жылдары Алға ауданының етті ірі қара мал өсіретін ауданаралық арнайы бірлестігінің орталығы болған. Бірлестік негізінде Саздыда ЖШС жұмыс істейді.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе қалалық әкімшілігінің таратылған елді мекендері