Гнат Мартынович Хоткевич (; 31 желтоқсан 1877, Харьков – 8 қазан 1938, Харьков) — украин театр және қоғам қайраткері, инженер, өнертапқыш, жазушы, тарихшы, аудармашы, этнограф, өнер сыншысы, драматург, сценарийші, сазгер, музыкатанушы, скрипкашы, пианист, баритон, бандурашы және мұғалім. Иосиф Сталин тұсындағы Кеңес Одағының Үлкен террор заманында НКВД атылған жаңғырудың өзге мүшелеріндей Хоткевичті өлтірген болатын.

Хоткевич Мәдени жаңғыру заманының көпжақты адамы болатын. Инженер білімін алғанына қарамастан украиндар оны белгілі украин әдеби тұлғасы, драматургі, сазгері, этнографы және заманауи бандураның әкесі деп таниды.Украин бандурашылар хоры 2003

Ерте жылдары және білімі Хоткевич 1877 жылы Харьковта дүниеге келген. Анасы малай болды. 1880 жылдардың ортасында отбасын тастап кеткен әкесі жайлы ақпарат аз. Жас кезінде Хоткевич пианино мен скрипка ойнауды үйренді, кейін аймағындағы козбарьлардан үлгі алып, бандура ойнауды білді. 1990 жылы Харьков политехникалық институтындағы ижненер білімін алып, темір жол инженері болды.Khotkevych, Hnat in Encyclopedia of Ukraine, online.

Әдебиет нобай|оңға|Иван Котляревскийге ескерткіш арнау үшін Полтавада жиналған украин жазушылары, 1903 жыл. Сол жақтан: Михаил Коцюбинский, Василий Стефаник, Ольга Косач, Леся Украинка, Михаил Старицкий, Гнат Хоткевич, Владимир Самийленко.

Хоткевич шығармашылықпен айналысуды студент кезінде бастады, 1897 жылы оның «» атты тұңғыш әңгімесі жарық көрді. Кейін оның «» (1898), «» (1901), «» (1914) шығармалары шықты. Оның танымалдық алған тұңғыш шығармасы, Карпат тауларындағы өмір жайлы «» романы, 1911 жылы жарық көрді. Басқа романдары қатарында «» (1928), «», «» болды. 1928 жылы Хоткевичтің шығармашылығы бар сегіз томдық коллекциясы жарық көрді; оның жазған біраз шығармасы жоғалып қалды.

Хоткевич өзі жазған шығармаларына аймақтың, дәуірдің төл фольклорлық және этнографиялық материалдарын, атап айтқанда, халық әндерін, ертегілерін, салт-дәстүрлерін, сондай-ақ диалектілік және тілдік ерекшеліктерін енгізді. Сонымен қатар, ол сол кезеңде Украинада кеңінен таралған модернистік стильдің көптеген қырларын өз шығармаларында қолданды.

Театр Жас кезінде ол Харьков қаласында бірнеше театр қойылымын тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Бұл қойылымдар оған қатты әсер еткені соншалық, ол жаз айларында Дергачи ауылында шаруаларға арнап театр ұйымдастырды.

1903 жылы ол Харьков қаласында украин жұмысшыларының театрын құрды. Бұл театр да үлкен табысқа жетті. Хоткевич 50-ден астам пьеса жазып, сахналады. Оның қызметі әлеуметтік және ұлттық мәселелерді қозғағандықтан, 1905 жылы ол Батыс Украинаның бір бөлігі саналатын, сол кезде Аустрия-Мажарстан билігінің қарамағында болған Галичинаға қоныс аударуға мәжбүр болды.

1910 жылы Галичинада жүрген кезінде ол сауатсыз гуцулдардан құралған театр труппасын қайта ұйымдастырды. Бұл труппа Хоткевич жазған этнографиялық пьесаларды сахналап, Батыс Украинаға гастрольдік сапарлар жасап, үлкен жетістікке жетті.

1912 жылы ол Харьковқа оралып, түрмеден босатылғаннан кейін Харьков украин театрының жұмысын қайта жандандырды. Алайда 1914 жылы Ресейге мәжбүрлі түрде жер аударылғанға дейін ғана театр қызметін жалғастыра алды.

Ол пьесалар жазуды жалғастырды. Оның ең көрнекті шығармаларының бірі — XVII ғасырдың ортасында өмір сүрген әйгілі казак көсемінің өмірі мен дәуірін баяндайтын «» пьесасы.

1936 жылы Хоткевич 1937 жылы жарыққа шыққан «» фильмінде рөл сомдады. Алайда фильм небәрі екі апта бойы көрсетіліп, кейін прокаттан алынып тасталды.

Хоткевич Украина театрының тарихына арналған бірнеше зерттеу еңбегін жазды. Олардың қатарында «» («Галичинадағы халық театры»; 1924) және «» («1848 жылғы театр»; 1932) атты еңбектері бар.

Музыка Хоткевич студент кезінен-ақ бандура ойнау шеберлігімен кеңінен танылды. Ол бұл аспапты алғаш рет 1894 жылы сатып алып, 1896 жылы сахнада жеке орындаушы ретінде алғаш рет өнер көрсетті. Харьков политехникалық институтынан шығарылғаннан кейін ол Николай Лысенконың гастрольдік хорына бандураның жеке орындаушысы ретінде қосылды. Жас кезінен-ақ ол бандураны виртуоздық деңгейде ойнайтын шебер музыкант ретінде танымал болды.

1902 жылы оған Харьков қаласында өткен XII археологиялық конференцияда кобзарьлар деп аталатын халық бандурашыларының музыкасы мен дәстүрлері туралы баяндама жасау ұсынылды. Хоткевич баяндама дайындап қана қоймай, концерт те ұйымдастырды. Бұл концерт тарихтағы алғашқы бандура ансамблінің өнер көрсетуі болды.

Конференция барысында ол жаңадан ойлап табылған фонографтың көмегімен дыбыс жазу арқылы кобзарьлардың музыкалық мұрасын сақтап қалу идеясын ұсынған бастамашылардың бірі болды.

Содан бастап бұл өнер түрі бүкіл Украинада кеңінен танымал бола бастады.

1906 жылы Аустрия-Мажарстанға қоныс аударғаннан кейін ол Галичина аймағын аралап, бандура музыкасын жеке орындаушы ретінде көпшілікке ұсынды. 1907 жылы ол бандура ойнауға арналған алғашқы оқу құралын жазды. Бұл еңбек 1909 жылы Львов қаласында жарық көрді.

1910 жылы оның бандураға арналған «Одарочка» атты шығармасы Киевте басылып шықты. Бұл аспапқа арналып жарияланған алғашқы музыкалық шығарма болды.

1912 жылы ол Орталық Украинаға оралды. Көп ұзамай тұтқындалып, түрмеге қамалды, кейін Ресейге жер аударылды. Ол тек 1917 жылы Харьковқа қайта оралып, Харьков зоотехникалық колледжінде украин әдебиеті мен тілінен сабақ берді.

1920 жылы ол этнографиялық сипаттағы хор шығармаларын орындайтын украин хорын ұйымдастырды. Ал 1920 жылдары оның көптеген музыкалық шығармалары жарық көрді.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Украин жазушылары Санат:КСРО жазушылары Санат:КСРО өнертанушылары Санат:Ресей империясы жазушылары Санат:Ресей империясы өнертанушылары Санат:Алфавит бойынша өнертапқыштары Санат:КСРО өнертапқыштары Санат:Ресей империясы өнертапқыштары Санат:Украин КСР-нде атылғандар Санат:Қайтыс болғаннан кейін КСРО-да ақталғандар Санат:Атылған жаңғыру Санат:Атылған жазушылар