Луи Брайль — көзі көрмейтін адамдарға арналған түйіршіктер жиынынан тұратын арнайы шрифтті ойлап тапқан тұлға.

Өмірбаяны нобай|солға|Луи Брайль мұражайы, ол балалық шағын өткізген Кувредегі үй Луи Брайль 1809 жылдың 4 қаңтарында Кувре деген кішігірім франциялық қалада туды. Ол Симон-Рене (Simon-René) есімді былғары өңдеумен айналысатын кісінің төрт баласы ішіндегі кенжесі болды.

Үш жасында ол байқаусыздан әкесінің шеберханасында біздің ұшына жарақаттанады. Ішіне инфекция кіріп, ол содан бері бірте-бірте көру қабілетінен айырыла бастайды.

Бес жасында оның екі көзі де толығымен соқыр болады. Сонда да ол мектепте таяқшалардың көмегімен әліпбиді меңгеріп алады. Ал әке-шешесі оған әртүрлі кәсіби дағдыларды үйретеді және музыка мұғалімін шақыртады.

1819 жылдың ақпанында ол Париждегі Соқыр жастарға арналған патшалық институтына () оқуға шақырылады. Бұл сол заманның зағип жандарға арналған бірегей мекемесі болған. Сонда оқып жүріп, 1825 жылы ол алғаш рет құрдастарына өзінің жаңа жазу нұсқасын таныстырады. Оны кейін әрі жетілдірумен айналысып жүреді. 1828 жылы Луи Брайль оқуды сәтті бітіріп, осы институтта оқытушы ретінде жұмыс істей бастайды. Ол зағип балаларға тарих, геометрия, алгебра және музыка пәндерін оқытқан болатын.

1829 жылы ол Брайль жазуы туралы өзінің алғашқы кітабын жариялайды. 1839 жылы ол толықтырылған монографияны шығарады. Онда нүктелік жазуды әліпбимен қатар карталарды және музыкалық ноталарды оқуда қалай қолданатыны туралы жазады. Жалпы, институтта ол скрипка мен орган ойнауды да үйренеді. Кейін ол Францияның көптеген шіркеулерінде органшы ретінде ойнаған болатын. нобай|Пантеондағы Брайль бюсті мен аудиолық естелік тақта Луи Брайль 1852 жылдың 6 қаңтарында Парижде қайтыс болды, оны туған қаласында жерлеген. Бір ғасырдан кейін сүйектерін астанадағы Пантеонда қайта жерлеген болатын.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Брайль дисплейі (9969) Брайль астероиды

Санат:Франция өнертапқыштары Санат:Соқыр музыканттар Санат:Париж Пантеонында жерленгендер Санат:Туберкулёзден қайтыс болғандар