Таскешу керуен сарайы — Батыс Қазақстан аймағындағы Алтын Орда кезеңінің бірегей ескерткіші. Атырау облысы, Қызылқоға ауданында, қазіргі Мақат кентінен шығысқа қарай 35 км жерде. Ол ең алғаш ХIХ ғасырдың басында В.И.Левшин экспедициясы кезінде анықталған, одан кейін басқа да экспедициялар керуен сарайға зерттеу жасағанымен, қазба жұмыстары жүргізілмеген. нобай|оңға|200px|Таскешу керуен сарайы нобай|оңға|200px|Таскешу керуен сарай жобасы 2008-2010 жылдар аралығында ғана Атырау облыстық тарих және археология орталығы қазба жұмыстарын жүргізіп, 2012 жылы Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археология ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері экспедиция ұйымдастырып, ескерткіштің сәулеттік құрылысын анықтап, жаңа жобасын жасады.
Орналасуы Керуен-сарай Сағыз өзенінің сол жақ жағалауында, Қызылқоға ауданының Кенбай елді-мекенінен оңтүстік-батысқа 15,8 шақырым, Жамансор стансасынан оңтүстік-шығысқа қарай 18,5 шақырым, Құлсары қаласынан солтүстік-батысқа қарай 76,5 шақырым, Бекбике елді-мекенінен солтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым қашықтықта орналасқан. GPS координатасы N 47°37 250; EO 53°50 184. Сағыз өзенінен өтетін кірпіштен қаланған көпір болған. Ол қазір толық жойылған.
Қала туралы деректер Таскешу керуен сарайы туралы алғашқы деректі 26 ақпан 1825 жылғы орыстардың Үстіртке жасаған ғылыми экспедициясы келтіреді. Онда «26 февраля отряд расположился при урочище Таски-Чу на реке Сагизе. Близ реки видны следы бывшего там четверо угольного строения из жженого кирпича» деп көрсетілген. 1832 жылғы зерттеуші А.И. Левшиннің «Описание киргиз-казачьих или киргиз кайсацких, орд и степей» деген еңбегінде Таскешу керуен сарайы туралы мәлімдеме берілген.Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей Алматы: «Санат», 1996. - 656 с. - 109-б. А.И.Левшин керуен сарайды «Ұзынтам бекінісі» деп атаған, ал кейінгі жылдары ескерткішті зерттеген археологтар "Ұзынтам" керуен сарайын және тас көпірді «Таскешу» керуен сарайы деп көрсеткен.
1950 жылы Таскешу керуен сарайы Хорезмдік этно-археологиялық экспедициясы кезінде алғаш рет ғылыми тұрғыдан зерттелді. Экспедиция жетекшісі С.П.Толстовтың ғылыми есебінде бұл ескерткіш туралы айтылған. Онда «отряд Мақат арқылы, Жамансор темір жол стансасымен Сағыз өзеніне жақын жердегі жасанды тас өткелі бар "Тас-Кечу" керуен сарайының қирандысына жетті. Керуен сарай ірі күйдірілген кірпіштен қаланған. Ғимарат төрт бұрышты етіп салынған. Қатар тізілген бөлмелер және ортасында ішкі алаңы бар ғимраттың көлемі 42х45 м» делінген.Толстов С.П. Хорезмская археолого-этнографическая экспедиция Академии наук 1950 г. // Советская археология. - М., 1953. - T. XVIII. - 485 c. - 150-б.
Сипаттама нобай|оңға|200px|Таскешу керуен сарай қирандылары Таскешу керуен сарайының қирандысы төрт бұрыш пішінді, қирандысымен қоса есептегенде көлемі 55×55 м. Қиранды ортасы төрт бұрышты жазық алаң, көлемі: 15×15 м. Қирандының сыртынан ортадағы жазық алаңға дейін 20 м. Таскешу керуен сарайы классикалық түрде салынған. Пішіні тік төртбұрышты. Сыртқы бұрыштары және қабырғаларының орта тұсы дөңгелек мұнаралармен бекітілген. Ішкі ауласының көлемі 30×30 м шамасында, Батыс және шығыс қабырғаларында керуен сарай қирандысының үстінде қыш кірпіш сынықтары көп кездеседі. Кірпіштердің көлемдері: 30×30×5 см және 30×15×5 см. Сыртқы қабырғасының қалыңдығы 1,25 м болса, ішкі қабырғаларының қалыңдығы 95 см. Кірпіштердің көлемдері: 30×30 см, қалыңдығы 5 см және соның жарты көлеміндей: 30×15 см, қалыңдығы 5 см. Таскешу керуен сарайының қыш кірпіштері жергілікті саздан құйылып, Жетібай қорымындағы ошақтарда күйдіріліп жасалған. Керуен сарайдың кірпіштері тарихқа «қыпшақ кірпіші» деген атаумен енген, көлемі 28×28 см, қалыңдығы б см қыш кірпішке жақын. Керуен сарайдың іргетасы 12 см-дей қазылып, сол кірпіштен төселген.Таскешу керуен-сарайында жүргізілген археологиялық қазба жұмысының ғылыми есебі. 2008 жыл, - Атырау, 2009, - 148 б.
1-бөлме Керуен сарайдың солтүстік-батыс бұрышында батыстан шығысқа созылған ұзынша келген бөлме. Бөлме көлемі 11.8×4,10 м. Қабырғаның биіктігі 85 см бастапқы қалыңдығы 1,2 болған. Бірақ қабырғаның батыс жағының кірпіштерін бұзып алғаннан, қалыңдығы 95 см-ге дейін кеміген. Бөлменің солтүстік қабырғасының биіктігі 1 м қалыңдығы 1,25 м. Бөлменің оңтүстік қабырғасының биіктігі 74 см, қабырғаның қалыңдығы 95 см. Шығыс бөлігінде биіктігі 55 см азайған. Бөлменің едені сұрғылт-жасыл түсті сазбен сыланған. Шұңқырдың қабырғалар тік, түбі тегіс келген, іші қыш кірпіштің сынықтарымен, құм топырақпен толтырылған Шұңқырдың атқарған қызметі әзірге белгісіз, пішініне қарап шаруашылық белгілі бір қызмет атқарған болуы керек. Осы шұңқырдың шығыс жағында 42 см қашықтықта, диаметрі 20 см тереңдігі-27 см болатын тағы бір шұңқыр анықталды. Шұңқырдың пішіні шеңбер тәрізді, қабырғалары тік келіп, түбіне қарай қысыңқы. Түбі тегіс келген, іші құм топырақпен толтырылған.
2-бөлме Солтүстік қанаттағы 1-ші бөлменің оңтүстігінде орналасқан. Бөлменің көлемі солтүстіктен - оңтүстікке 3,65 м батыстан - шығысқа 3,80 м. Бөлме едені нығыздалып, сұр сазбен сыланған. Еденнің түсі ашық сұр, тегіс келген. нобай|оңға|200px|Таскешу. 2-бөлме каны (жылу жүйесі) Бөлменің солтүстік қабырғасы, биіктігі 74 см қалыңдығы 95 см, ұзындығы 3,80 м. Бұл қабырға бойындағы суфаның кеңдігі 82 см биіктігі екі қатар қаланды түрінде сақталған. Суфаның ішінде, солтүстік қабырғадан 20 см шығыс қабырғадан 80 см қашықтықта тандыр пеш орналасқан. Тандырдың диаметрі 45 см қабырғасының қалыңдығы 4 см. Тандырдың тереңдігі 17 см, қабырғалары нашар сақталған, түбі тегіс әрі қатты күйген. Ошақ ауызы оңтүстікке қараған. Тандырдың іші күлмен, кесек кірпіш сынықтарымен толы. Батыс қабырғаның орта бөлігі іргетасына дейін бұзылып алынған. Солтүстік-батыс бұрышына қарай қабырға 140 см ұзындықта сақталған, биіктігі 74 см. Қалыңдығы 1,25 см батыс қабырғасының жалпы ұзындығы 3,65 см. Бөлменің шығыс қабырғасының ұзындығы 2,60 см. ені 95 см биіктігі еден деңгейінен есептегенде 76 см. Оның оңтүстік қабырғамен қосылар бұрышы жағында бөлменің есігі орналасқан. Есіктің ені 1,05 см. Есік табалдырығына екі қатар іргетас қаландысы қаланған. Бөлменің оңтүстік қабырғасы, оңтүстік бағытқа тік бұрыш жасай бұрылып, 2-ші бөлменің шығыс қабырғасына жалғасқан. Керуен сарайдың батыс қанатындағы бөлмелер осы жүйемен жалғаса берген. Оңтүстік қабырғаның ұзындығы сыртқы шетіне дейін 4,75 см ені 80 см биіктігі 70 см. Он бір қатар кірпіш қаландысы ашылды. Оңтүстік бетінің кірпіштері үгітіліп бұзылған. Оңтүстік суфаның ені 75 см биіктігі 14 см қабырғасы 30×30 см-лік қыш кірпіштермен қаланған.
3-бөлме Солтүстік-батыс бұрыштағы жапсарлас бөлме. Көлемі: С-Ш-6,05×4,65 см. Ол, 2 бөлменің шығыс кабырғасына жалғастырлып, кейіннен жапсарлай үлкен бөлме салынған. Бұл бөлменің оңтүстік және шығыс қабырғасының іргетасы жоқ, жер бетінен қаланып тұрғызылған. Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бұрыштарының кірпіштері бір-бірімен байланыспайды, қабырғаға тақап қалағаны байқалады. Оңтүстік батыс бұрышында есік бар. Ал, батыс жағындағы ішкі есік 2 бөлмемен байланысқан. Солтүстік шығыс және батыс қабырғаларын бойлай суфа жасалған. Шығыс суфаға ошақ жасалып, одан 3 арналы кан тартылған. Солтүстік жағында суфа жиегіне ошақ жасалған.
4-бөлме нобай|оңға|200px|Таскешу керуен сарайы. Оңтүстіктен көрінісі Бөлменің көлемі солтүстіктен - оңтүстікке 3,55 м батыстан - шығысқа 3,80 м, ішінде еш құрылыс конструкциясы орналаспаған. Еденде жерден қазылған ошақ орны анықталды. Ошақ ауызының диаметрі 38 см тереңдігі - 40 см болды. Қабырғалары түбіне қарай сәл кеңейеді, түбі тегіс келген. Қабырғалары мен түбін ыс басқан. Ошақтың солтүстік-батыс жағында еденде шөміш тәрізді ойық ойылған. Ал солтүстік-шығысқа қарай 60 см қашықтықта, бөлме бұрышына таман, еденде күйген жер бар. Күйген жердің аумағы шеңберленіп келген, диаметрі 40 см шамасында. Шығыс қабырғаның ені жоғарғы қатарлары және шығыс жақ сыртқы беті бұзылып алынғаннан жіңішкерген. Батыс қабырғаның сыртқы бетінің кірпіштерін де іргесіне дейін бұзып алған, сондықтан қалыңдығы 95 см-ге азайған. Бөлменің оңтүстік қабырғасының ұзындығы 4,75 см биіктігі 60 см, ені 95 см. Сегіз қатар кірпіш қаландысы сақталған. Есігі шығыс қабырғаның оңтүстік шетінде орналасқан, табалдырықтың екі жак жақтауына бір-бірден бүтін кірпіштер койылған. Есіктің ені 1,05 см.
5-бөлме нобай|оңға|200px|Тескешу керуен сарайы. Батыс бөлігі.jpg нобай|оңға|200px|Тескешу керуен сарайы. Шығыстан көрінісі нобай|оңға|200px|Таскешу керуен сарайы. Солтүстіктен көрінісі 4 бөлменің оңтүстігінде. Бөлменің көлемі солтүстіктен-оңтүстікке 3,50 м батыстан-шығысқа 3,80 м. Бөлменің батыс қабырғасы сыртқы бетінің кірпіштері іргесіне дейін бұзылып, қазып алынған. Биіктігі солтүстік жағында 76 см іргетасымен есептегенде он үш қатар кірпіш қаландысы сақталған. Ал, оңтүстік жағында биіктігі 30-40 см аралығында, 6-8 қатар кірпіш қаландысы бар. Солтүстік және батыс қабырғаларын бойлай суфа орналасқан. Суфа қабырғасы жарты кірпіштерден қаланып, іші топырақпен толтырылған. Солтүстік суфа қабырғаның сыртына жанастырып қалаған. Солтүстік суфаның ені 90 см батыс суфаның ені 1,10 см. Биіктігі 15 см. Осы суфалардан оңтүстік-шығысқа қарай еден ашылған, еден ашық сұр түсті сазбен сыланған, бетінде күйе іздері бар. Бөлменің шығыс қабырғасының биіктігі 65 см қалыңдығы 95 см, ұзындығы 2,45 см. Оңтүстік қабырғаның ұзындығы 4,75 см ені 80 см биіктігі 70 см. Қабырғаның жоғарғы қатарларының шеттері үгітілген. Шығыс қабырғаның оңтүстік шетінде бөлме есігі орналасқан. Есік орнын кірпіш сынықтарымен қалап, бітеп тастаған. Есік ені 1,05 см.
6-бөлме Бөлменің көлемі солтүстіктен оңтүстікке 3,65 м батыстан шығысқа 3,80 м. Батыс қабырғаның ені 1,25 см биіктігі 82 см. Бұл қабырғаның сыртқы беті жартышар түрінде мұнарамен бекітілген, диаметрі 3,60 м. Мұнара түбіне де құрылыс деңгейінен төмен екі қатар кірпіштен іргетасы салынған. Солтүстік қабырғаның ені 80 см ең биік жері 70 см. Қабырғаның жоғарғы қатарларының шеттері үгітілген. Бөлменің шығыс қабырғасы ені 95 см биіктігі 70 см. Он бір қатар кірпіш қаландысы сақталған. Оңтүстік шетінде есік орналасқан, ені 1,05 см. Оңтүстік қабырға ені 80 см биіктігі 90 см. Қабырғаның төменгі қатарлары жақсы сақталған. Едендері ашық сұр сазбен тегістеліп, сыланған. Бөлменің ортасына таман еденде күйе ізі бар.
7-бөлме Бөлменің көлемі солтүстіктен оңтүстікке 3,60 м батыстан шығысқа 3,80 м. Солтүстік қабырға еденнен 90 см биіктікте сақталған, қалыңдығы 80 см Бұл қабырға батыс қабырғаға қарағанда анағұрлым жақсы сақталған. Солтүстік кабырға бойына суфа салынған. Суфа кабырғасы калындығы 15 см сынық кыш кірпіштерден тұрғызылып, іші саз топыракпен толтырған. Суфаның шығыс жағында ошақ салынған. Ошақтың орны бір катар қыш кірпіш қосындысы түрінде шеңберлене сақталған. Пеш диаметрі 70 см, Түбі тегіс келген. Шығыс қабырға ұзындығы 4-бөлме есігінен есептегенде 3,45 см биіктігі 80 см қалыңдығы 95 см. 13 қатар кірпіш қаландысы бар. Оңтүстік жағында бөлме есігі орналасқан, ені 1,05 см. Бөлме едені ашық сұр сазбен сыланған. Шығыс қабырғаның сыртында, 1,80 м қашықтықта, ішкі ауладан қазылған шұңқыр анықталды. Көлемі: 1,08×75 см тереңдігі-27 см. Шұңқыр қабырғасы тік, түбі тостаған тәріздес. Іші саз топырақпен, керамика сынықтары, мал сүйектерімен толтырылған.
8-бөлме нобай|оңға|200px|8-бөлме нобай|оңға|200px|8-бөлме Бөлменің көлемі солтүстіктен оңтүстікке 6,35 м батыстан шығысқа 3,80 м. Ошақ ішіне қатты қызудан қорғау үшін тігінен қыш кірпіштер орналастырылған, ошақ кандарының қабырғалары мен суфасы өте биік боп келген, еденнің кей бөлігінде төселген қыш кірпіштер бар. Бөлменің батыс қабырғасы биіктігі 45 см қалындығы 1,25 см. Солтүстік қабырғаның биіктігі 80 см қалыңдығы 95 см. Шығыс қабырға бөлменің солтүстік-шығыс бұрышынан оңтүстікке 3,50 см-ге созылып, есік орнымен аяқталған, биіктігі 82 см қалыңдығы 95 см. Есіктің ені 1,05 см ол қыш кірпішпен қалап бітелініп тасталған. Шығыс қабырғаны бойлай есікке дейінгі бөлігіне суфа жасалған. Есіктен солтүстікке 52 см аралықтан кейін суфа ішіне ошақ орналасқан. Түбі тегіс, тереңдігі 35 см.