«Наша Ніва» (аударғанда «Біздің Дала») — Беларусьтің ең ескі газеттерінің бірі, 1906 жылы негізделді, 1991 жылы қайта құрылды. «Наша Ніва» газеті беларус әдебиетін жариялаудағы маңызы мен беларус тіліндегі журналистиканың негізін қалаушы ретіндегі рөліне байланысты мәдени символға айналды. Сондықтан Қазан төңкерісіне дейінгі жылдар жиі «Наша Ніва кезеңі» делінеді.

1906–1915 жылдар аралығында газет апта сайын жарық көрді. 1991–1995 жылдары айына бір рет басылып тұрды. 1996 жылы қайтадан апталық басылымға айналып, 1997–1999 жылдары екі аптада бір рет жарық көрді. Ал 1999 жылы газет қайтадан апта сайын шығатын болды.

Media IQ ұйымының бағалауынша, «Наша Ніва» мемлекеттік насихаттан ада болып қала береді және беларусьтік бұқаралық ақпарат құралдары арасында журналистік этика талаптарын сақтау деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткіштердің біріне ие. Александр Лукашенко режиміне ашық оппозициялық ұстанымда болғандықтан, газет үкімет тарапынан бірнеше рет қысымға ұшырап, ірі көлемде айыппұлдарға тартылды және мемлекеттік баспа, тарату жүйелерінен шеттетілді. Редакция қызметкерлері мен журналистері тұтқындалды және полиция мен КГБ қызметкерлерінен соққы көрді.

2020 жылдан бергі Наша Ніваның бас редакторы — Егор Мартинович.

Дереккөздер

Қолданылған әдебиет

Санат:Литва газеттері Санат:Беларусь газеттері Санат:Беларус тілді газеттер Санат:Беларус тілді сайттар Санат:Орыс тілді сайттар Санат:Беларусь интернет-БАҚ-ы Санат:Беларусьтегі цензура Санат:Free Media Awards сыйлығының иегерлері