Асыл Сөздер (кейде Тылсым Сөздер) — Баһаи сенімінің негізін қалаушысы Баһаулла шамамен 1858 жылы жазған кітап. Ол бұл еңбекті Бағдатта айдауда жүрген кезінде, Тигр өзенінің жағалауымен серуендеп жүріп жазған. Кітаптың бір бөлігі араб тілінде, ал екінші бөлігі парсы тілінде жазылған.
Асыл Сөздер 153 қысқа афоризмнен (оның 71-і араб тілінде, 82-сі парсы тілінде) тұратын жинақ түрінде жазылған. Баһаулланың айтуынша, ол мұнда белгілі бір рухани ақиқаттардың негізгі мәнін алып, оларды қысқаша түрде баяндаған. Баһаулланың ұлы әрі оның ілімінің ресми түсіндірушісі Абдул-Баһа баһаиларға бұл мәтіндерді күн сайын, таңертең және кешке оқып, ондағы жасырын даналықты күнделікті өмірде қолдануға кеңес берген. Сондай-ақ ол Асыл Сөздерді — «тәңірлік құпиялар қазынасы» деп атап, оның мазмұны жайлы терең ойланған адам үшін «құпиялар есігі ашылатынын» айтқан.
Дереккөздер
Санат:Баһаи Санат:Араб тіліндегі әдебиет Санат:Парсы тіліндегі әдебиет Санат:Алфавит бойынша әдеби шығармалар