Орал Тоқмұрзин (15.12.1909, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы – өмір сүрген жылдары белгісіз) – ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты (1955).Тоқмұрзин Орал // «Сыр елі» энциклопедиясы. – Алматы: «Тау–Қайнар» ЖШС, 2024. – 622-б.
Өмірбаяны
1929 жылы Ташкент қаласындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1929–1930 жылдары Қызылорда қаласындағы қазақ ағарту институтында оқыған. 1932–1933 жылдары Ташкент қаласында қазақ аймақтық педагогикалық техникумы директорының орынбасары болған. 1933–1934 жылдары Алматы облыстық жоспарлау бөлімінде экономист қызметін атқарған. 1936 жылы Самарқан жоспарлау-экономика институтын, кейін ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) экстернат түрде бітірген. 1936–1941 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Түрген қазақ мемлекеттік педагогикалық жұмысшылар факультетінің директоры, Ұзынағаш ауданындағы қазақ орта мектебінің директоры, Қаскелең орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болған. 1941–1943 жылдары Қаскелең аудандық халыққа білім беру бөлімінің бастығы. 1943–1946 жылдары Алматы облыстық халыққа білім беру бөлімінің бастығы. 1946–1948 жылдары ҚазПИ-де аға оқытушы, факультет деканы. 1948–1951 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының (қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті) директоры әрі марксизм-ленинизм кафедрасының меңгерушісі.Университет ректоры 1952–1956 жылдары Қарағанды педагогикалық институтында (қазіргі академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) аға оқытушы. 1956–1963 жылдары Осы институтта кафедра меңгерушісі қызметін атқарған.
Кейінгі өмір жолы мен қайтыс болған жылы туралы деректер белгісіз.
Еңбектері «Орта мектептің 4 сыныбына арналған қоғамтану оқулығы» (Ташкент, 1932).
Дереккөздер
Санат:Ғалымдар Санат:Тарих ғылымдарының кандидаттары Санат:1909 жылы туғандар