Әбдірахман Мұхаметжанұлы Коргулин (20 наурыз 1911 жыл, Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданы Қызылжар ауылы – 1984 жыл, Алматы қаласы) – еңбек және соғыс ардагері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.Әбдірахман Кургулин кім?Коргулин Әбдірахман Мұхаметжанұлы // «Сыр елі» энциклопедиясы. – Алматы: «Тау–Қайнар» ЖШС, 2024. – 333-б.
Өмірбаяны
1947–1949 жылдары Жамбыл қаласындағы №5 мектеп-интернаттың директоры болып жұмыс істеген. 1949–1951 жылдары Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) аға оқытушысы қызметін атқарған. 1951–1952 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының (қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті) ректоры.https://korkyt.edu.kz/page/13 1952–1956 жылдары Осы институттың проректоры.
Өмірінің соңына дейін Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аға оқытушы болып еңбек еткен. 1984 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.
Еңбектері мен марапаттары
«Жалпы биология» оқулығының авторы. Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Соғыс ардагерлері Санат:1911 жылы туғандар