Португалдық фонограмма өндірушілер қауымдастығы (, қысқартылған түрі — AFP) — Португалиядағы негізгі дыбыс жазу лейблдерінің қауымдастығы. 1989 жылы құрылған бұл ұйым GPPFV (Фонограмма және видеограмма өндірушілерінің португалдық тобы) пен UNEVA-ның (Аудио және видео редакторлары одағының) ізбасары болып табылады.
AFP — Халықаралық фонографиялық индустрия федерациясының (IFPI) Португалиядағы өкілі. Қауымдастық португал нарығында жұмыс істейтін негізгі дыбыс жазу студияларын біріктіреді, ал оның мүшелері нарықтың 95%-дан астамын құрайды.
1994 жылдың қаңтарында AFP португалдық синглдер хит-парадын шығаруды уақытша тоқтатты, бірақ альбодар хит-парадын жариялауды жалғастырды. Синглдер чарты тек 2000 жылдың шілдесінде ғана қайта қалпына келтірілді.
Сатылым сертификаттары
Альбомдар Сертификат 1987 жылдан 2005 жылдың мамырына дейін 2005 жылдың мамырынан 2010 жылға дейін 2011 жылдан 2023 жылға дейін 2024 жылдан бастапКүміс (Silver) 10,000 — — —Алтын (Gold) 20,000 10,000 7,500 3,500Платина (Platinum) 40,000 20,000 15,000 7,000Гауһар (Diamond) — — — 70,000
Синглдер Сертификат 2011 жылдан 2015 жылға дейін 2016 жылдан 2023 жылға дейін 2024 жылдан 2025 жылдың 26-шы аптасына дейін 2025 жылдың 27-ші аптасынан бастапАлтын (Gold) 10,000 5,000 5,000 12,000Платина (Platinum) 20,000 10,000 10,000 25,000Гауһар (Diamond) — — 100,000 250,000
Музыкалық DVD-лер Сертификат 2008 жылдан бастапАлтын (Gold) 4,000Платина (Platinum) 8,000
Дереккөздер
Санат:Музыкалық индустрия қауымдастықтары