«Тақырлап қиғаны» () — Aardman Animations британиялық студиясының Уоллес пен Громит туралы үшінші қысқаметражды мультфильмі.

1996 жылы Үздік анимациялық қысқаметражды фильм үшін Оскар сыйлығын жеңіп алды.

Мультфильмде өнертапқыш Уоллес пен оның өте ақылды иті Громит терезелерді жуу бизнесімен айналысып жүр. Тоқуға арналған дүкеннің витринасын тазалап жүріп, Уоллес соның иесі мисс Рэмсботоммен танысады. Ол оған ұнаса да, әйелдің иті Престон жаңа таныстарды жақтырмайды. Біраз уақыттан кейін Престонның қошақандарды ұрлаумен айналысып жатқаны белгілі болып шығады.

Дыбыстаушылар Уоллес — Питер Саллис Гвенделин Рэмсботом — Энн Рейд Громит және қошақандар — сөйлемейтін кейіпкерлер. нобай|солға|120px|Қошақан Шон Спин-оффтары Бұл мультфильмде алғаш рет қошақан Шон есімді кейіпкер көрсетіледі. 2007 жылы ол туралы жеке мультсериал шығады. Ал 2015 жылы «Қошақан Шон кинода» атты толықметражды мультфильм түсірілді. Оны жалғастырған тағы бірнеше мультфильм бар.

Дереккөздер

Сілтемелер Rotten Tomatoes сайтында

Санат:1995 жылғы мультфильмдер Санат:Ник Парк мультфильмдері Санат:Ұлыбритания мультфильмдері Санат:Ермексаз мультфильмдер Санат:Aardman Animations мультфильмдері Санат:Үздік қысқаметражды мультфильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері