— 1999 жылы құрылған, Жапонияның музыка индустриясы, сондай-ақ батыстық музыка жайлы статистика мен ақпарат беретін жапондық корпоративтік топтың басын біріктіретін холдингілік компания.

Бұл ұйым бастапқыда 1967 жылдың қарашасында Соко Коике негізін қалаған Original Confidence Inc. (株式会社オリジナルコンフィデンス) атты музыкалық чарттармен танымал компания ретінде жұмысын бастаған. Кейіннен Oricon Inc. компаниясы «Original Confidence» компаниясының еншілес кәсіпорны ретінде құрылып, 2002 жылдың сәуірінде оның Oricon хит-шерулеріне (чарттарына) иелік етті.

Чарттар шамамен 39 700 бөлшек сауда орнынан (2011 жылдың сәуіріндегі мәлімет бойынша) түскен деректер негізінде жасалып, апта сайынғы есептер арқылы музыкалық компакт-дискілердің, DVD дискідердің, бейнеойындардың және басқа да ойын-сауық өнімдерінің сатылым рейтингтерін ұсынады. Нәтижелері әр сейсенбі сайын жарияланып, еншілес компания — Oricon Entertainment Inc. шығаратын Oricon Style журналында басылады. Сондай-ақ компания өз сайтында тележарнамалардың танымалдылығын көрсететін сауалнама нәтижелерін жариялап тұрады.

2018 жылдың 19 желтоқсанында Oricon компаниясы CD сатылымын, цифрлық сатылымды және стримингті біріктіретін Біріктірілген чартты (Combined Chart) жариялай бастады.

Оған қоса, олар Japan Anime News powered by ORICON NEWS платформасы арқылы аниме мен мангаға қатысты ағылшын тіліндегі контенттерді де шығара бастады.

Дереккөздер

Санат:1999 жылы құрылған компаниялар Санат:Жапония компаниялары