Марал Шатулақызы Қалиева — саяси ғылымының докторы (2009), профессор (2009).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1959 жылы 23 қыркүйекте Жамбыл облысы, Шу қаласында туған.

Мәскеу мемлекеттік университетін (1984) және аспирантурасын (1999) бітірген. Шу қаласында білім саласында қызметкер (1984-93), Ақтау қаласы әкімдігінде (1993-94), Ақтау мемлекеттік университетінде (қазіргі Каспий технологиялар және инжиниринг университеті) аға оқытушы (1994-2002) қызметтерін атқарған, 2002 жылдан Еуразия ұлттық университетінде доцент, профессор. Қазіргі уақытта Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Қазақстан Республикасының саяси модернизация үдерісіндегі қоғамның идеялық консолидациясы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 70-тен астам ғылымыи еңбектің авторы.

Марапаттары Еуразия ұлттық университеті медалі (2008); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2009);Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі (1990); Қазақстан Республикасының "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2020).Қалиева Марал Шатулақызы.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Саясаттану ғылымының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері