Союз — Аполлон тәжірибелік ұшуы () — 1975 жылдың шілдесінде орын алған кеңестік Союз-19 бен америкалық Аполлон аппараттарының ғарышқа ұшып, тоғысуымен аяқталған бірлескен миссиясы. Оның саяси маңыздылығына орай ғарыштағы қол алысу деген балама атау да кең тараған болатын.
Қырғи қабақ соғысы жағдайында болған екі елдің серіктестікке мүмкіндігі бар екенін көрсеткен бұл ұшу алғашқы халықаралық экипажды миссия болды. Оны өткізу туралы шешім 1972 жылдың 24 мамырында қабылданды.
Ғарышқа ұшыру, бос кеӊістікте тоғысу және қону теледидардан көрсетілген болатын. Кеңестер үшін бұл тікелей эфирде көрсетілген алғашқы ғарыш миссиясы болды.Committee on Aeronautical and Space Sciences, Soviet Space Programs, 1971–75. Washington: U.S. Govt. Print. Off., 1976.
нобай|240px|Алдағы қатарда: Слейтон, Бранд, Кубасов; екінші қатарда: Стаффорд, Леонов. Экипаж Алексей Леонов — командир (екінші ұшуы) Валерий Кубасов — бортинженер (екінші ұшуы) Томас Стаффорд — командир (төртінші және соӊғы ұшуы) Вэнс Бранд — басқару модулінің ұшқышы (алғашқы ұшуы) Доналд Слейтон — тоғысу модулінің ұшқышы (жалғыз ұшуы)
Хронология 1975 жылдың 15 шілдесінде Мәскеу уақыты бойынша сағат 15:20-да Байқоңырдан Союз-19 ғарышқа ұшты. Сол күні сағат 22:50-де Канаверал мүйісінен Аполлон аппараты ұшырылды.
17 шілдеде олар ғарыштың бос кеңістігінде тоғысты және экипаждар қол алысты. Ғарыш кемелерінің бірлесіп ұшуы 47 сағат 7 минутқа созылды.Suzanne Deffree. Apollo-Soyuz Test Project ends Space Race, July 17, 1975 // EDN, 17.07.2019 нобай|Тоғысу шағының анимациясы 19 шілдеде екі кеме қайтадан бөлек ұшуына оралды.
21 шілдеде Союз-19 Жерге қонды. Аполлон өз ұшуын үш тәуліктен кейін аяқтады.
Галерея
Тағы қараңыз (2228) Союз-Аполлон астероиды Интеркосмос бағдарламасы
Дереккөздер
Санат:АҚШ-КСРО қатынастары