Молдо Нияз (; 1823—1896) — қырғыздың көрнекті ақыны, ойшылы, философы, ағартушысы. Қырғыз тілінде қағазға түсірілген алғашқы поэтикалық шығармалардың бірі — «Санат дигарастлар» атты қолжазба кітаптардың авторы болып табылады.
Өмірбаяны Молдо Нияз өз дәуірінде қырғыз, араб, парсы және көне түркі тілдерін жетік меңгерген білімді тұлға болған. Зерттеушілердің айтуынша, жастайынан исламдық әдебиеттерді оқып, Қаратегін (қазіргі Тәжікстандағы Таулы Бадахшан өңірі), Қашқар және Марғылан медреселерінде білімін жетілдірген. Үш түрлі жерде білім алып, парсы, араб және шағатай тілдерін меңгеруі оның өз заманының аса білімді, ағартушы тұлғаларының бірі болуына мүмкіндік берген.
Шығармашылығы Молдо Нияз арнайы медресе ашып, балаларға ислам ілімін үйреткен және Ферғана аңғарында діни білім беруді ұйымдастырып, балаларды араб әліпбиі арқылы қырғыз тілінде оқытқан. Көп жерлерді аралап, барған аймақтарынан географиялық, климаттық, этнографиялық және фольклорлық мәліметтер жинаған.
Тарихшы А. Урстанбековтің «Қырғыз тарихы» атты энциклопедиялық сөздігінде Молдо Нияз «қырғыздың алғашқы жазба ақындарының бірі» ретінде көрсетілген. Өз шығармаларында өмір мен өлім, әдеп-ахлақ, жақсылық пен жамандық сияқты философиялық тақырыптарды, Қоқан хандығы аумағындағы тарихи оқиғаларды сипаттаған. Оның өлеңдерінде Олимқұл Отаалық, Құрманжан Датқа және Пулатхан сияқты ел басшыларының қызметі туралы маңызды мәліметтер беріледі.
Мұрасы Кеңес дәуірінде Молдо Нияз туралы академик Болот Юнусалиевтің бір мақаласынан басқа ірі ғылыми зерттеулер жүргізілмеген. Ақынның араб жазуындағы өлеңдерін кирилл әліпбиіне көшіру және жариялау ісінде Омор Суроновтың еңбегі бар. Зерттеушілердің айтуынша, Молдо Нияздың өз қолымен жазылған 7 қолжазба кітабы болған.
1993 жылдың қараша айында қырғыз жұртшылығы ақынның 170 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтті. Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Қолжазбалар қорында оның өз қолымен жазылған үш қолжазба кітабы сақтаулы.
Дереккөздер
Санат:Қырғызстан ақындары