Даниял Сәбит — қазақстандық әуесқой боксшы. Батыс Қазақстан облысының тумасы, Орал қаласының өкілі. Кіші салмақ дәрежелерінде (49–51 кг) өнер көрсетеді.

Өмірбаяны Даниял Сәбит 2002 жылы 30 қарашада Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келген. Қазір Орал қаласында тұрады. Боксқа жас кезінен айналысқан, Оралдағы бокс мектебінің түлегі. 2020 жылы 18 жасында Қазақстан чемпионатында алғашқы үлкен табысына қол жеткізді — ең жеңіл салмақтардың бірінде чемпион атанды.

Спорттық жетістіктері

2021 жылғы Азия чемпионаты (Дубай, БАӘ): Күміс жүлдегер (49 кг). 18 жасында финалға шығып, өзбекстандық Нодиржон Мирзаахмедовке есе жіберген. Бұл оның халықаралық аренадағы алғашқы ірі жетістігі болды.

Қазақстан чемпионаты Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы. 2020, 2024 және 2025 жылдары (51 кг) алтын медаль алған. 2025 жылы финалда Бекзат Алдамжаровты 5:0 есебімен жеңген.

2025 жыл

Eindhoven Box Cup (Нидерланды) — чемпион (50 кг). Странжа кубогы (Болгария) — күміс жүлдегер.

2026 жыл Странджа Кубогы 2026 («кіші әлем чемпионаты») — Алтын медаль (50 кг). Финалда әзірбайжандық Билалхабаши Назаровты 3:2 есебімен жеңіп, драмаға толы айқаста топ жарған. Бұл турнирде Қазақстанның бірінші алтыны болды.

IBA Әлем чемпионаты 2025. 51 кг салмақта қатысып, бірінші кезеңдерде жеңіске жеткен (Кения, Кабо-Верде боксшыларын жеңген), бірақ ширек финалда замбиялық Патрик Чинембаға есе жіберген.

Санат:Қазақстан боксшылары