Назерке Төлекқызы Тілеуханова — физика-математика ғылымының докторы (2007), Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Механика-математика факультеті, Іргелі математика кафедрасының профессоры. Эрдёш саны - 3https://mathscinet.ams.org/mathscinet/freetools/collab-dist?source=666753&target=189017
Өмірбаяны, еңбек жолы 1963 жылы 12 маусымда қазіргі Абай облысы, Аягөз ауданында туған.
1980 - 1985 С.М.Киров атындағы ҚазМУ, қазіргі Қазақ ұлттық университеті 1989 - 1991 Қарағанды мемлекеттік университеті, аспирантура 2002 - 2005 Еуразия ұлттық университеті, докторантура
Білім сласындағы қызмет тәжірибесі:
1992-2002 Қарағанды мемлекеттік университеті доценті 2006 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – Фурье қатарларының мультипликаторлары, жуықтау теориясы. "Преобразования коэффициентов Фурье и восстановление мультипликативнық преобразований" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 70-тен астам ғылыми еңбектің авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Негізгі алынған нәтижелер: Фурье қатарларының мультипликаторлары, жуықтау теориясы. Лебег, Лоренц кеңістіктерінде мультипликатор нормасының жоғарғы, төменгі бағалаулары алынған. Дәрежелік шкалада оптималды айқын түрдегі квадратуралық формула, функцияны, мультипликативті түрлендіруді қайта қалпына келтіру операторлары құрылған.
Негізгі жарияланымдар
1. Н.Т.Тлеуханова. Интерполяционная формула для мультипликативных преобразований функций многих переменных//Доклады РАН, 2003, Т.390, №2,169-171.
2. Н.Т.Тлеуханова. Интерполяционная формула для функций многих переменных// Матем. заметки, 2003, 74:1, 155–156.
3. Е. Д. Нурсултанов, Н. Т. Тлеуханова Квадратурные формулы для классов функций малой гладкости//Матем. сборник, 2003, 194:10, 133–160.
4. Н.Т.Тлеуханова. О преобразований Харди и Беллмана для ортогональных рядов Фурье// Матем. заметки, 2001, 70:4, 638–640.
5. Е. Д. Нурсултанов, Н. Т. Тлеуханова. Нижние и верхние оценки нормы мультипликаторов кратных тригонометрических рядов Фурье в пространствах Лебега// Функц. анализ и его прил., 2000, 34:2, 86–88.
6. Е. Д. Нурсултанов, Н. Т. Тлеуханова. О приближенном вычислении интегралов для функций из пространств $W_p^\alpha[0,1]^n$//Успехи матнаук, 2000, 55:6(336), 153–154
7. Tleukhanova N.T. Nursultanov, E.D., Tikhonov S. Norm inequalities for convolution operators//Comtes Rendus Acad. Sci.Paris.Ser.1.2009.p.1-4.
8. Tleukhanova N., Sarybekova L., Tararykova T.On a Generalization of the Lizorkin theorem on Fourier Multipliers//Matematical inequalities and Applications, V.13, N 3(2010), 613-624.
9. Н. Т. Тлеуханова, А. Н. Баширова, О мультипликаторах рядов Фурье по системе Хаара, Матем. заметки, 2021, том 109, выпуск 6, 912–920 https://doi.org/10.4213/mzm1286
Марапаттары 2021 «Ы.Алтынсарин» төс белгісі 2022 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Назерке Төлекқызы Тілеуханова.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Еуразия ұлттық университетінің профессорлары