Айгүл Әбдімүтәліпқызы Үсен — филология ғылымының докторы (2010).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1973 жылы 1 шілдеде қазіргі Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында туған.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) бітірген. 1995-96 жылдары Алматы қаласындағы №138 талантты балалар лицейінде оқытушы, 1999-2003 жылдары Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтында доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқараған. 2004 жылдан Еуразия ұлттық университетінде қызмет істейді.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты – әдебиеттің теориялық мәселелері, өлеңтану, Шәкәрімтану, көркем мәтінді теориялық талдау, компаративистика, әлем әдебиетінің тарихы. 500-ден астам ғылыми мақаланың, 5 монографияның авторы, оқулықтар мен оқу құралдары жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде пайдаланылып жүр.
Марапаттары Қазақстан Респуьликасы Президентінің Алғыс хаттарымен (2001), медаль, төсбелгілермен, бірнеше гармоталармен марапатталған.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Үсен Айгүл Әбдімүтәліпқызы.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Еуразия ұлттық университеті тұлғалары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері