Дәуіржан Жұмажанұлы Төлебаев 1982 жылы 31 шілдеде Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Аққулы ауылында дүниеге келген.
Білімі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған. Кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын, сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аспирантурасын бітірген.
Қызметі мен марапаттары
Дәуіржан Төлебаев — жазушы-журналист, республикалық «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Тұңғыш Президент қоры сыйлығының лауреаты, сондай-ақ ҚР Ақпарат саласының үздігі.
Шығармашылығы
«Тіл – ұлттың жаны» атты публицистикалық кітаптың авторы. Сонымен қатар күйші-композитор ретінде танылған. Оның «Қобыз сарыны», «Белес», «Қосбасар», «Тайбурыл», «Жан толқыны», «Ширығыс» және басқа да күйлері бар. Ақиқат (Қазақ Газеттері)
Дереккөздер
Санат:Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегерлері