Шелек — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы құдық.
Атаудың сөзжасамдық сипаты Е.Қойшыбаевтың Шелек гидрониміне қатысты шел – «жел» +ек аффиксі арқылы жасалып, «желді» деген мағынаны білдіреді деген пікірі бар. Т.Жанұзақ Шелек «бастау, қайнарлардан алатын өзен» деген мәнге ие сөз», – дейді. Атаудың мағынасы «мөлдір, жер асты суымен өнігіп отыратын құдық».
Дереккөздер
Санат:Қазақстан құдықтары Санат:Маңғыстау ауданы географиясы