Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев (18 ақпан 1970 жыл, Қазақстан, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті) — мемлекет және қоғам қайраткері.

Білімі 1993 жылы Ресей Федерациясындағы Тверь мемлекеттік университетін, 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін, 2003 жылы Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орындарының бірін бітірген.

Еңбек жолы 1991–2001 жылдары «Фарид» акционерлік қоғамында брокер, «Қызмет» акционерлік қоғамында менеджер, Қызылорда қаласының шағын бизнесті қолдау орталығында менеджер, «Пульс Қызылорда» жарнамалық агенттігінің директоры қызметтерін атқарды.

2001–2002 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінде жетекші және бас маман болды.

2002–2011 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде бас маман, бөлім бастығы, басқарма басшысы, департамент директоры қызметтерін атқарды.

2011–2013 жылдары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының департамент директоры болды.

2013–2016 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2016–2019 жылдары Жаңақорған ауданының әкімі болды.

2019–2020 жылдары облыс әкімі аппаратының жетекшісі, сондай-ақ «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тәуелсіз директоры қызметтерін атқарды.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024

Парламенттегі қызметі 2021–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты болды.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері