Гәнжәнің бомбалануы () — 2020 жылғы 4, 8, 11 және 17 қазан күндері Екінші Қарабақ соғысы кезінде Армения күштері тарапынан баллистикалық зымырандар мен реактивті артиллерия қолданылып, Әзербайжанның Гәнже қаласының тұрғын аудандарына жасалған шабуылдар. Әзербайжанның ресми деректері бойынша, 4, 11 және 17 қазандағы шабуылдар нәтижесінде 32 бейбіт тұрғын қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.
Әзербайжан билігі бұл зымыран шабуылдарына Арменияны айыптады, алайда Армения өз қатыстылығын жоққа шығарды. Өз кезегінде, мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы (ТҚР) бұл соққылар Степанакертке (Ханкенді) жасалған бомбалауға жауап ретінде олардың әскери күштері тарапынан жасалғанын мәлімдеді. Human Rights Watch ұйымы Гәнжеге жасалған шабуылдар үшін жауапкершілікті армян күштеріне жүктеді.
Үшінші шабуылдан кейін Әзербайжан үкіметі бұл оқиғаны «геноцид әрекеті» деп бағалап, армян күштерінің бақылауындағы Кельбаджар ауданына шекара маңындағы Армения аймақтарында орналасқан зымыран қондырғыларына соққы жасады.
Тарихы 4 және 8 қазанда атқылау 2020 жылғы 27 қыркүйекте Әзербайжан қарулы күштері мен мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы (ТҚР) мен Арменияның қарулы құрылымдары арасында ауқымды әскери қақтығыстар қайта басталды. Сол күні-ақ Әзербайжан армиясы ТҚР астанасы Степанакертке (Ханкенді) зымырандық және артиллериялық шабуылдар жасауды бастады.
нобай|300x300 нүкте| Армян күштерінің Г қаласын атқылауының салдары 2020 жылғы 4 қазанда ТҚР билігі «жау тылының нысандарына», соның ішінде «Гәнжә қаласындағы әскери аэродромға» зымырандық соққылар жасалғанын хабарлады. Алайда кейінірек ресейлік БАҚ тілшілері мен Human Rights Watch қызметкерлері зымыран соққысына ең жақын орналасқан Гәнжә халықаралық әуежайының (шамамен 7 км қашықтықта) бүлінбегенін мәлімдедіАэропорт города Гянджа не пострадал при обстреле с армянской стороны // ТАСС. 4 октября 2020.. Сол уақытта Әзербайжан президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев Армения Гәнжә қаласының халық тығыз орналасқан тұрғын аудандарына жаппай зымыран шабуылдарын жасағанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл шабуылдар Варденис пен Горис маңынан жасалған. Әзербайжан Бас прокуратурасының дерегінше, 4 қазандағы шабуылдан бір адам қаза тауып, 32 адам жараланған.
Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян Армения аумағынан Әзербайжанға оқ атылмағанын айтты. Сол күні ТҚР президенті Араик Арутюнян Гәнжәға бірнеше зымыран соққысы оның бұйрығымен жасалғанын растап, бейбіт тұрғындар арасында құрбандар болмас үшін шабуылдарды тоқтатуға пәрмен бергенін айтты. Сонымен қатар, ол «егер қарсы тарап тиісті қорытынды жасамаса», армян күштері тең дәрежелі және күйретуші соққыларды жалғастыратынын жеткізді.
8 қазан таңында Гәнжә қаласы қайтадан шабуылға ұшырады, бірақ бейбіт тұрғындар зардап шекпеген.
Сол күні The New York Times журналистері 3 қазанда түсірілген спутниктік суретті жариялап, онда Гянджа халықаралық әуежайында тұрған екі түрік F-16 жойғышы бейнеленген. Кейін Әзербайжан президенті Ильхам Алиев бұл F-16 ұшақтарының әскери қимылдарға дейінгі оқу-жаттығулардан кейін елде қалғанын, бірақ ұрысқа қатыспағанын мәлімдеді.
10 қазанда Ресейдің арағайындығымен Әзербайжан мен Армения СІМ басшыларының келісімі нәтижесінде тұтқындар мен қаза тапқандардың денелерін алмастыру үшін атысты тоқтату режимі жарияланды.
Amnesty International ұйымы армян қарулы күштері «Смерч» жүйесін қолданғанын растағанымен, Әзербайжан тарабы ұсынған фото және видео материалдар шабуыл нысандарын нақты анықтауға және зымырандардың кассеталық оқ-дәрімен жабдықталғанын дәлелдеуге мүмкіндік бермейтінін мәлімдеді. Дәл осындай оқ-дәрілер Степанакертке жасалған шабуылдарда қолданылған болатын.
11 қазандағы атқылау 11 қазан күні түнгі 2-де, Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гянджа қаласының орталығындағы төрт қабатты тұрғын үй атқылауға ұшырады. Әзербайжан Бас прокуратурасының мәліметі бойынша, бұл оқиғадан 10 адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Орталықтағы атқыланған ғимарат құлаған күйге түсті, ал жанындағы үйлердің жартысы қиратылды. Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, қала Арменияның Берд ауданынан атқыланған. ТАСС және BBC тілшілері Гәнжәдағы тұрғын үйдің ракеталық соққыдан қиратылғанын растады. Сондай-ақ «Коммерсантъ» газеті мен «Дождь» телеарнасының тілшілері Гянджадағы тұрғын ауданға түскен ракетаның орнын тіркеді. Жақын маңдағы стратегиялық нысан ретінде теміржол вокзалы ғана бар.
Әзербайжанның ресми алдын ала мәліметіне қарағанда, тұрғын үйге соққы ОТРК «Точка У» ракетасымен жасалған. Келесі күні Әзербайжанның Территорияларды миналаудан тазарту ұлттық агенттігінің басшысы Ғазанфар Әхмедов осколкылардағы таңбаларға қарап, Гянджаға соққы «Эльбрус» (Scud-B) ракетасымен жасалғанын мәлімдеді. Әзербайжандық бір ресми тұлғаның Twitter-де жариялаған фотосуреттеріне қарап, тәуелсіз сарапшы да ракетаны «Scud-B» деп анықтады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі, генерал-лейтенант Рәғим Латифов журналистерге берген сұхбатында жаудың ракеталық соққысынан үш 31-пәтерлі үй толықтай қиратылғанын, төрт үй мен бір жеке үй апатты жағдайда қалғанын айтты. Бұл үйлерде барлығы 205 адам тұрған. Құлаған үйінділерден 9 мәйіт пен 17 жаралы табылды (кейін олардың бірі ауруханада қайтыс болды).
14 қазан түнде Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Әзербайжан қарулы күштерінің Кельбаджар ауданымен шектес жатқан жерде Арменияның бірнеше баллистикалық ракеталық кешендерін жойғанын хабарлады. Қорғаныс министрлігінің айтуынша, бұл ракеталық кешендер Гәнжә, Мингечевир және Әзербайжанның басқа қалаларындағы бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылымдарға бағытталған. Армения Қорғаныс министрлігі Әзербайжан қарулы күштерінің Армения аумағындағы әскери техникаға соққы жасағанын мойындады. Әзербайжан Қорғаныс министрлігі таратып берген видеода Арменияның Сотк пен Азат ауылдарының арасында, Кельбаджар ауданы шекарасына жақын жерде дала көрсетілген. Бұл екі тараптың да Армения аумағына соққы жасалғанын алғаш рет ресми түрде мойындауы болды.
17 қазандағы атқылау нобай|300x300 нүкте| ANAMA қызметкері зымыран шабуылынан кейін Гәнжәдағы қираған тұрғын үй қирандыларының арасында 16-нан 17 қазанға қараған түні, Степанакертке кезекті шабуылдан бірнеше сағат өткен соң, Гәнжә қаласының тұрғын аудандары тағы да ракеталық соққыға ұшырады. Журналистер оқиға орнынан қалада үш қуатты жарылыс болғанын хабарлады. Сонымен қатар Мингечаур қаласы да ракетамен атқыланды. Әзербайжан тарапы соққылар Армения аумағынан жасалғанын мәлімдеді.
Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Гәнжәға жасалған шабуыл барысында 13 адам қаза тапты (олардың үшеуі — балалар, соның ішінде 16 айлық Медина Шахназарли), 53 бейбіт тұрғын жараланды (олардың бесеуі — балалар).
Әзербайжанның Территорияларды миналаудан тазарту агенттігі (ANAMA) хабарлағандай, ракета түскен жерден табылған фрагменттер соққының «Эльбрус» жедел-тактикалық зымыран кешенінен жасалған баллистикалық ракетамен болғанын көрсетеді.
«Дождь» телеарнасының тілшісі Василий Полонский Гәнжәда атқыланған тұрғын аудандардың жанында ешқандай әскери база мен маңызды нысан болмағанын айтты.
24 қазанда жараланғандардың бірі — 13 жастағы Ресей азаматы ауруханада қайтыс болды.
Human Rights Watch тергеуі нобай|274x274 нүкте| Эльбрус (Scud B) баллистикалық зымыраны бар ұшырғыш. Әзірбайжан Миналармен күрес агенттігінің (ANAMA) мәліметінше, бұл 11 және 17 қазанда Гәнжәға атылған зымырандар. 11 желтоқсанда Human Rights Watch (HRW) ұйымы 2020 жылғы қыркүйек пен қараша аралығында болған ұрыстар кезінде армян күштері Әзербайжан аумағына бей-берекет ракеталық соққылар жасағаны туралы баяндама жариялады. Соғыс жүргізу ережелеріне сәйкес, шабуылдаушы тарап бейбіт тұрғындарға зиян келуі мүмкін соққылар туралы тиімді түрде алдын ала ескертуі тиіс, тек ерекше жағдайларды қоспағанда. HRW өкілдеріне сұхбат берген Гәнжәдағы шабуылдардың куәгерлері Армения немесе Таулы Қарабах Республикасынан (ТҚР) ешқандай ескерту болмағанын айтты. 4 қазан күні ТҚР президенті Араик Арутюнян ағылшын тілінде твиттерде мәлімдеме жасап, бейбіт тұрғындарды «болуы мүмкін шығындардың алдын алу үшін» әскери нысандар болуы мүмкін ірі қалалардан, соның ішінде Гәнжәдан, кетуге шақырған. HRW пікірінше, соққылардың нақты емес мақсаттарға және нақты уақыт көрсетілмей жасалуы туралы ескерту, әрі ол ескерту әзербайжан азаматтарының көбісі түсінбейтін тілде (ағылшын тілінде) жариялануы – тиімді ескерту болып саналмайды.
HRW қызметкерлері жүргізген бірнеше спутниктік суреттердің талдауы бойынша, Әзербайжан бейбіт тұрғындарды артық қауіп-қатерге ұшыратқан. Ел билігі әскери нысандарды халық тығыз қоныстанған аймақтарда, соның ішінде Гәнжәда орналастырған және азаматтарды эвакуацияламаған. 9–16 қазан аралығында жасалған спутниктік суреттерге сәйкес, 11 қазан күнгі ракеталық соққыдан қалған кратерден 700 метр және 1 шақырым жерде қару-жарақ пен әскери техника анықталған. Бірақ соққыдан бірде-бір әскери нысан зақымданбаған. HRW баяндамасында көрсетілген спутниктік суретте Гянджаның оңтүстік-шығысындағы тұрғын аудандармен шектесетін әскери техниканың белсенді қозғалысы байқалған аймақ көрсетілген. Бұл аймақ 17 қазанда баллистикалық ракета түскен жерден небәрі 270 метр қашықтықта орналасқан. Сонымен қатар, HRW ұйымы мұндай әскери нысандардың болуы армян күштеріне үлкен радиусы бар бей-берекет әрекет ететін қару түрлерін (мысалы, баллистикалық ракеталарды) елді мекендерге қолдануға заңды негіз бермейтінін атап өтті. HRW баяндамасына сәйкес, Әзербайжанның миналарды залалсыздандыру ұлттық агенттігі ұсынған деректер бойынша, Гәнжәға жасалған соққыларда қолданылған «Scud B» баллистикалық ракеталары 985 кг болатын жарылғыш бөлшекті оқтұмсықпен жабдықталып, мақсаттан 500 метрге дейін ауытқуы мүмкін. HRW мәлімдегендей, әскери және азаматтық нысандарды ажырата алмайтын бей-берекет қаруды қолдану соғыс заңдарын бұзу болып табылады.
Қылмыстық тергеу Гәнжәдағы бомбалау оқиғасына байланысты 2020 жылғы 17 қазанда Әзербайжан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша қылмыстық іс қозғады: 100.2-бап (агрессиялық соғыс жүргізу), 120.2.1-бап (қылмыстық ұйыммен жасалған қасақана адам өлтіру), 120.2.4-бап (ерекше қатыгездікпен немесе қоғамдық қауіп тудыратын тәсілмен жасалған қасақана адам өлтіру), 120.2.7-бап (екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіру), 120.2.12-бап (ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе жауласу себептерімен жасалған қасақана адам өлтіру), 186.3-бап (аса ірі көлемдегі мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру),
және Әзербайжан Республикасы Қылмыстық кодексінің басқа да баптары бойынша.
Үш жылдан кейін, яғни 2023 жылғы 3 қазанда, Әзербайжанның арнайы қызметі Араик Арутюнянды Степанакертте (Ханкенді) тұтқындаған соң, оған осы және басқа да айыптар тағылды. Ол Гәнжә мен Барда қалаларына баллистикалық және басқа да зымыран түрлерін жіберуге қатысы бар деген күдікке ілінді. Аталған баптар бойынша ұзақ мерзімді бас бостандығынан айырудан бастап өмір бойы түрмеге қамауға дейінгі жазалар қарастырылған.
Жад 2022 жылғы 30 қаңтарда Президент Ильхам Әлиев Гәнжә қаласындағы ашық аспан астындағы мемориалдық кешеннің іргетасын қалады. Кешен 2020 жылғы бомбалау салдарынан қираған жердің орнында салынуда.
Дереккөздер
Сілтемелер Гянджа: гуманитарное перемирие под ракетным ударом // Русская служба BBC. 12 октября 2020. Горе и надежда: как живет Гянджа через неделю после обстрелов // Русская служба BBC. 24 октября 2020. Обстрел Гянджи: Случайность, провокация или месть? // Свободная пресса. 11 октября 2020. Ракетный обстрел Гянджи меняет ход конфликта в Карабахе // Взгляд. 17 октября 2020.
Санат:Бомбалау Санат:Әскери қылмыстар