Дмитрий Иванович Гребенцов (1895 жыл, Бузаево, Сімбір губерниясы – 24 ақпан 1938 жыл) — эрзя журналисі, «Сятко» журналының тұңғыш редакторы.
Өмірбаяны Дмитрий Гребенцов 1895 жылы Сімбір губерниясындағы Бузаево (қазіргі Большие Березники ауданы, Мордовия) ауылында туған.
1907 жылы ол шіркеу-приход мектебін бітірді. Бірінші дүниежүзілік соғыста кіші прапорщик болды. 1917 жылғы Қазан төңкерісі кезінде Гребенцов өз еркімен Жұмысшы-шаруа қызыл әскеріне енді. 1923 жылға дейін ол — взвод командирі.
1925 жылдан 1926 жылға дейін БК(б)П ОК жанындағы партия жұмысшылары курсына барған Гребенцов бір кезде ол Мордовиядағы ауыл шаруашылығы мектебіне басшылық етті. Гребенцов Саранск қаласында тұратын.
1938 жылғы 24 мамырда КСРО Жоғарғы кеңесінің шешімінше Гребенцов репрессияланды. Өлімінен кейін, 1956 жылғы 7 шілдеде ол ақталды.
Дереккөздер
Қолданылған әдебиет Реабилитация: Политические процессы 30—50-х годов. — М., 1991; Реабилитация: как это было. — Москва, 2000. — Т. 1; Тязин Е.Н. Реабилитация граждан, осуждённых в Мордовии в 1930-х гг. по политическим мотивам // Юридическая наука в Мордовском государственном университете — Саранск, 2000. Мордовия энциклопедиясы, М. С. Букин, Е. Н. Тязин.
Санат:Большие Березники ауданында туғандар Санат:Қайтыс болған жері белгісіздер Санат:Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар Санат:Ресейдегі Азаматтық соғыс қызыл партизандары Санат:КСРО журналистері Санат:XX ғасыр журналистері Санат:РКФСР-да бұйрықпен атылғандар Санат:Қайтыс болғаннан кейін КСРО-да ақталғандар