«Бордолық сүт сатушы әйел» (исп. La lechera de Burdeos) — испан суретшісі Франсиско Гойяның өмірінің соңғы жылдарында Францияда салған картинасы.
«Бордолық сүт сатушы әйел» көркем сыншылар мен көпшілік тарапынан кеңінен танылғанымен, кейбір өнер тарихшылары бұл туындының Гойяның қылқаламынан шыққанына күмән келтіреді.Hughes, 25 Егер бұл картина Гойяға тиесілі болса, онда ондағы бейне — Леокадия Вайсстің (Leocadia Weiss) қызы Розарио болуы мүмкін. Леокадия — суретшінің алыс туысы әрі оның Бордодағы күтушісі болған. Гойя бұл қалаға Испаниядағы жаңа үкімет тарапынан қысымға ұшыраудан қауіптеніп көшкен еді.Gassier, 103.Hagen & Hagen, 95. Әйел оранған шальды, кей деректерге сүйенсек, Гойяның өзі сатып алған. Бұл туралы Леандро Фернандес де Моратиның Хуан Антонио Мелонға жазған хатында айтылған.Juan José Junquera Mato. The black paintings of Goya / Francisco José de Goya y Lucientes, Juan José Junquera. — London: Scala, 2003. — С. 21—23. — 95 с. Мүмкін, бұл картина — композиция шеңберіне енбей қалған есекке мінген сүт сатушы әйелдің портреті. Ондай жағдайда бұл туынды Гойяның көшедегі саудагерлерді бейнелеген картиналар сериясына жатады.Путеводитель по Прадо, 192.
Бұл картинада Гойя қолданған қылқалам техникасы дивизионисттердің әдістерін еске түсіреді. Сондай-ақ сүт сатушы әйелдің мүсінін орап тұрған табиғи жарықпен мұқият жұмыс істеуі — өнертанушылар тарапынан импрессионизмге жол салған жаңашыл қадам ретінде бағаланады.
Суретші қайтыс болғаннан кейін сурет оның кенже ұлы Хавьерге мұраға қалды. Алайда қаржылық қиындықтарға байланысты Хавьер туындыны өзінің алыс туысы Хуан Баутиста де Мугироға (Juan Bautista de Muguiro) сатуға мәжбүр болды. 1946 жылы Хуан Баутистаның ұрпақтары бұл суретті Прадо мұражайына табыстады. Бүгінде сурет сол жерде сақтаулы.Hughes, 402
«Бордолық сүт сатушы әйел» Гойяның ең танымал туындысы болмаса да, ол техникалық шеберлік үлгісі ретінде бағаланып, суретшінің ең үздік жұмыстарының бірі саналады.Francis Donald Klingender. Goya in the Democratic Tradition. — Sidgwick and Jackson, 1948. — С. 212. — 356 с. Бұл туынды — Гойя өмірінің соңғы әйел портреті болып есептеледі.Jeannine Baticle. Goya, painter of terrible splendor. — New York: H.N. Abrams, 1994. — С. 124—127. — 175 с. — (Discoveries). — ISBN 978-0-8109-2818-3.
Дереккөздер
Санат:Өнер туындыдары Санат:Картиналар